Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар

Скачать

Педагогикалық олимпиада
Тақырыбы: Дарынды балаларға – талантты ұстаз
Мақсаты: кәсіби педагогикалық білім беру мен педагогикалық мамандықтың маңыздылығын арттыру, талантты мамандарды таңдау

Жұмыс барысы:
І Кіріспе бөлімі:
Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар!
Бүгін біздің мектебімізде бала жүрегінен жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім - тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, ұлағатты ұстаз деген атқа лайық ұстаздарымыздың олимпиадасы өткелі тұр.
Құрметті ұстаздар! Бүгінгі Дарынды балаға – талантты ұстаз атты педагогикалық олимпиадамызға қош келіпсіздер!

Олимпиада мақсаты: ---
Мамандарымыздың кәсіби педагогикалық ой - өрісін және кәсіби тәжірибесін кеңейту мен педагогикалық кәсіптің, педагогикалық білім берудің маңыздылығын күшейтуді мақсат тұтқан олимпиаданың әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
Гимназия директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары: Қ. Көпбай
Бастауыш сыныптың тәжірибелі ұстаздары ----------------------------------- апайларымыз сонымен, бүгінгі педагогикалық олимпиадаға қатысып отырған ұстаздарға сәт сапар тілей отырып, олимпиаданың өтілу барысымен таныс болайық

Олимпиада кезеңдері:
1 Теориялық білім (тест)
2 Терминдер қақпасы
3 Педагогикалық ситуация
4 Эрудит
5 Шығармашылық тапсырма

ІІ Негізгі бөлімі:
Бас иіп топ алдында шығатын,
Сәлемдесу парызы әрбір жастың.
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын --- дей келе, кезекті сайыскерлерге берсек
(ұстаздар өз командаларыңызды таныстырып өтсеңіздер)
Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы - деген ұлағатты сөзбен теориялық білімді шыңдайтын сайысымызды бастайық
( алдарына 40 сұрақтан құралған тест беріледі, регламент 10 минут)
Құрметті әділқазы, алқасы 1 дұрыс жауап ---- 1 ұпай

Келесі кезең: Терминдер қақпасы
Бұл кезеңде өздеріңіздің күнделікті пайдаланып жүрген педагогикалық - психологиялық терминдерді табу тапсырылады.
Алдымен қазір, әр командаға әріптер таратылады. Сол әріптерді пайдалана отырып, дұрыс термин сөз құрастырып, анықтама айтып өтесіздер
1) Аннотация – аңдатпа,- кітаптың, топтама жинақтау, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау
2) Рефлексия — адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені қалай жасаған толық және анық есеп беруі
3) Мотивация — жеке тұлғаны немесе топты ішкі немесе сыртқы әсерлер ықпалынан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұйымның мақсатына жету процесі
2 - шісі – арнайы анықтама бойынша жасырын термин сөзді табуларыңыз керек
1) Портфолио — маңызды құжаттар үшін арналған папка
2) Иллюстрация --- обьективтік әлемнің заттары, процестері мен құбылыстары туралы оқушылардың нақты түсініктерін қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын бейнелі көрнекілік құрал
3) Анимация --- мультипликация әсерін жасайтын экранды объектілердің түрін, формасын, мөлшерін, өзара орналасуын өзгерту
Келесі кезең: Педагогикалық ситуация
Сынып ұжымымен, жалпы баламен жұмыс жасау барысында әртүрлі жағдаяттар болып жатады. Сондай жағдаяттардан шыға білу де тапқырлықты, шеберлікті қажет етеді.
1) Мұғалім сабаққа кірген кезде тақтадан өзінің карикатурасын көреді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ өткізбейді. Не істеу керек?
2) Бір оқушыға мықтап ұрысып алдыңыз. Ал ол үйіне барып, апай басымнан ұрды деп арыз айтты --- ата - анасын ертіп әкеледі. Сіздің әрекетіңіз?
3) Мұғалім оқушыға математика оқулығын таратуда. Самат үндемей кітапты апайға қайтарып берді. Мұғалім: Самат не болды? Неге қайтардың? – дегенде Самат: ол - жыртық деп жауап берді. Сіз не істейсіз?

Келесі кезең: Эрудит
Эрудит сөзі - латын тілімен аударғанда, оқымысты, дана деген ұғымдарды білдіреді.
Жалпы эрудит --- бірнеше салада білім алуды, ізденуді, баланың қабілетін ашуды көздейтін іс - шаралар жиынтығын білдіреді.

Құрметті Ұстаздар, сіздер оқымысты, дана, жеке тұлға жансыздар. Сондықтан қазіргі ұсынылатын жұмыстарды ойлана да, қызыға да, шаптаң орындайды деп сенім білдіремін.
Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі, сабаққа эмоциялық бояу береді.
1) Заттардан дидактикалық ойын құрастыру ( Алма теру, сиқырлы сандық, дыбысына қарап таны, қай сан жоқ т б ) Алма теру ойынында алма тере отырып, тапсырмаларды тез орындау керек деген сынды дидактикалық ойын бар т.с.с.


Скачать


zharar.kz