Химия және биология пәндері бойынша білім сапасын арттырудағы жаңа педагогикалық технологияны қолданудың тиімділігі
Бүгінгі күні педагогикалық алаңда білім берудің жаңа моделін құраудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында көрсетілген.
Қазіргі кездегі қоғамдағы қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламалар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды – машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Қазіргі заманғы сабаққа қойылатын негізгі талап – оқытылатын материалдың мазмұны өмірмен байланысты болуы, ғылыми шындықты көрсетуі және сол ғылымның қазіргі заманғы даму дәрежесіне, ал оқыту әдістері – дидактиканың ең жаңа жетістіктері дәрежесіне сәйкес болуы.
Қазақстан Республикасы 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында Орта білім берудің мақсаты – қарқынды өзгертіп отырған дүние жағдайында игерілген терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлама алуға, өзінің іс - әрекеттерін жұмылдыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі атап көрсетілген. Бұдан оқытудың мазмұны мен құралдарына, әдіс – тәсілдеріне ұйымдастыру формасына өзгерістер енгізу қажеттілігі туындайды. Ол үшін тиянақты, әрекетті және берік білім алуға мүмкіндік беретін тиімді оқыту құралдарының мазмұны қайта ой елегінен өткізілуі тиіс. Себебі, олар қоғамдағы ақпараттар ағымының жедел қарқынмен артуы жағдайында оқушының аз уақыт ішінде берік, әрі әрекетті сапалы біліммен қарулануына мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі, адамдардың техникалық ресурстардың білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етуінің негізі ретінде жаңа педагогикалық технологиялар түрлері көбейе түсуде. Сондықтан жаңа педагогикалық технологиялардың ішінен өз қажеттісін таңдап алу - әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет ететін іс. Бес бағытқа бағдарланған елуге жуық технологиялар ғылыми түрде негізделген. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақ беру үрдісінде қолдану өте тиімді жолдардың бірі. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық роль берілсе, ал қазіргі технологияларда оқушы белсенділік көрсетуі тиіс, оқушыны оқытпайды, ол өздігінен оқып білім алуы керек. арқылы оқушы өз қажеттігін біліп, өз жолын таңдап, жетістікке жетуге мүмкіндігі бар. Ал, мұғалім әрбір оқушыны жеке қызығуын және қабілеттерін ашуға көмектеседі.
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
Бекарыстан би кеңшары, Ү.Түктібаев атындағы №24 орта мектептің
биология пәні мұғалімі Сансызбаева Роза Мұхтарқызы