Оның үстіне шекер, тұз, ашытқы, сұйық майды құйып жақсылап араластырыңыз да ұнды аздап салып тұрып жұмсақтау қамыр илеңіз

Скачать

Құрамы:
Сүт – 150 - 200 мл
Ұн – 350 - 400 грамм
Картошка езбесі – 200 гр
Тұз – 1 шай қасық
Шекер – 1 шай қасық
Ашытқы – 1 шай қасық
Сарымсақ – 2 түйір
Сұйық май – 2 ас қасық
Жұмыртқа – 1 бас

Үлкендеу табаққа жылы сүтті құйыңыз үстіне картоп езбесін салып араластырыңыз. Оның үстіне шекер, тұз, ашытқы, сұйық майды құйып жақсылап араластырыңыз да ұнды аздап салып тұрып жұмсақтау қамыр илеңіз. Жылы орап 30 минутқа қалдырыңыз.
Қамыр көтерілгенше сарымсақты қабығынан тазалап майда үккіштен өткізіп 1 шай қасық сұйық май құйып қойып қойыңыз, бұл бізге нан піскен соң бетіне жағу үшін қажет.
Қамырды 3 - 4 бөлікке бөліп қалыңдығын қалауыңызша жасап, бетіне жұмыртқаны жағып, майланған табаның ішіне салып 180 градус қызып тұрған пеште 15 - 20 минут пісіру қажет. Піскен соң нанның бетін сарымсақтан дайындаған маймен майлап қойса дәмді болады.


Скачать


zharar.kz