Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысыМақсаты

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы
Мақсаты:
1. Оқушыларды арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесі қосындысының формуласымен таныстырып, осы формуланы қолдану арқылы оқушыларды есептер шығара білуге үйрету.
2. Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеруіне мүмкіндік туғызу, алған білімдерін мысалдармен бекітіп, қорытынды жасауға және ізденушілік пен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін одан әрі дамыту, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер:: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, жеке жұмыс, ішінара ізденушілік, репродуктивті, ой қозғау
Сабақтың көрнекілігі: мультипроектор, слайд, нақыл сөздер, формулалар, ҰБТ есептері

Сабақтың барысы
I. Ұйымдас тыру кезеңі
II. Оқушылармен амандасу
ә) Психологиялық дайындық.
Қазақ халқы қонақжай халық. Үйімізге қонақ келсе, төрге шығарып, жылы - жұмсағымызды ұсынып, жайлаймыз. Ендеше біз дебүгінгі сабақта қолымыздан келгенше ерекшебелсенділік танытып, қала мектептерінен келген қонақтарға өз сый құрметімізді тарту етейік.
б) Шығу парағын кері байланыс оқушыларға тарату
I. Үй тапсырмасының шығару жолы слайд арқылы көрсетіледі. Оқушылар өз жұмыстарын тексереді.
№173
a3=25, a10= - 3 болатын арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі мен айырымын табыңдар.
1. 7d= - 3 - 25 немесе d= - 4 аламыз. Онда a1=33 екенін анықтаймыз
Жауабы: a1=33,. d= - 4
№177
ә) 30 саны - 25;- 19;... арифметикалық прогрессияның мүшесі бола ма?
1. Берілгені бойыншаa1= - 25, a2= - 19 және a2=a1+d болғандықтан, - 19=- 25+d, бұдан d=6. Ендеше an=a1+(n - 1) dформуласынан 30 =- - 25+(n - 1)*6, 30 = - 25+6n - 6, 30 = -- 31+6n, 6n =61, n =;: n€N
 саны арифметикалық прогрессияның мүшесі бола алмайды.

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы
Қ. Қ. Тоқмұхамедов атындағы
жалпы білім беретін №14 орта мектептің
математика пәнінің мұғалімі
Нарегеева Венера Мәлікшеқызы

Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы. жүктеу


Скачать


zharar.kz