Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Сыныбы: 7 а
Тақырыбы: Еуразия материгін қайталау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға әр түрлі сұрақтар, сайыстар, ойындар арқылы Еуразия материгінің ерекшеліктерін алған білімдерін пысықтау үшін әртүрлі сайыс түрінде өткізу.
Тәрбиелік - Оқушыларды топпен жұмыс істей білуге, тәрбиелеу.
Дамытушылық - Оқушылардың білімін, есте - сақтау, қиялын дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: Сайыс, сұрақтар, түсін мені, шығармашылық жұмыс, кроссворд шешу.
Көрнекілігі: интерактив тақта, ватман қағаздар, сурет бояулары.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгелдеу
Оқушыларды топтау
Сайыс түрлері
Блиц сұрақтар
Еуразияның жануарлары
Климаттық белдеулерге сипаттама
Түсін мені
Шығармашылық тапсырма
Кроссворд шешу
I. Блиц сұрақтар.
Еуропа тобына
1. Екі дүние бөлігін бөліп тұратын материк? Еуразия
2. Экологиялық жағдайы нашар теңіз? Арал
3Жер шары халқының75℅ мек. Материк? Еуразия
4. Темір рудасының ірі кен орны? Курск магнит
5. Лена, Енесей, Обь қай мұхиттың бассейніне қарайды? Солтүстік Мұзды мұхит
6. Еуропаның ең үлкен аралы? Британия
7. Еуразияның климаттық белдеуі? қоңыржай
8. Климаттық белдеулері қандай топқа бөлінеді? Негізгі, өтпелі
9. Тянь-Шань тауын зерттеген саяхатшы? П. П. Семенов Тянь-Шанский
10. Еуразияның аралдарымен қоса есептегенде ауданы? 53. 3 млн.
11. Батысындағы шеткі нүкте? Рока
12. Хуанхэ қытай тілінен аударғанда? Сары өзен
13. Ішкі тұйық алаптарды ата? Еділ, Жайық, Сырдария
14. Еуразияда батпақтың неше пайызы бар? 80 15. Әлемдік діндер? Ислам, Христиан, Будди
II. Кім тапқыр
Азия тобына
1. Жағалауын төрт мұхит шаятын материк? Еуразия
2. Еуразиядағы ежелгі тау? Орал
3. Қазақстанның астанасы? Астана
4. Мұнай, газ өндіруден Еуразия нешінші орын алады? 1орын
5. Инд, Ганг қайда орналасқан? Үндістанда
6. Еуразия пайда болған материк? Лавразия
7. Литосфералық плиталар соқтығысқан жерден не пайда болады? Тау
8. Еуразияның ең биік шыңы? Гималай
9. Мұхит суының тұздылығы немен өлшейміз? ‰
10. Тауларда табиғат зоналар қалай аталады? Биіктік белдеу
11. Еуразияда қанша егеменді ел бар? 90
12. Д ж аса дамыған елдерді ата? германия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония
13. Нокия кәсіп орны қайда орналасқан? Финляндияда
14. Мерседес, Рено, Ауди автокөліктері қайдан шығады? Батыс Еуропада
15. Жер шарының ең терең көлі? Байкал
III.
Еуразия тобына
1. Тропиктен экваторға қарай соғатын желдер? Пассат
2. Еуразия материгінде қанша мұхит бар? 4
3. Жердің қозғалмайтын бөлігі? Платформа
4. Еуразияның шығысындағы шеткі нүкте? Дежнев мүйісі
5. Отты шеңбер дегеніміз қандай белдеу? Тынық мұхиты
6. Еуразия материгінің халқы қанша млрд.? 4 млрд
7. Еуразияда неше нәсілдік өкіл бар? 3
8. Даму дәрежесіне қарай? 3
9. Әлемдік діндер? Христиан, Ислам, Буддизм
10. Еуразияның ішкі сулары? Көл, Мұз, Жер асты суы, Батпақ
11. Еуропа бөлігі қанша %? 7
12. Азия бөлігі қанша %? 29, 5
13. Еуразия қандай дүние бөлік? Ескі
14. Исландияның екінші атауы қалай аталады? Мұз бен отты елі
15. Исландия жанартауының ең қуаттысы? Гекла
II. Сайысы.
Еуразияның жануарлар дүниесі
Ойын шарты: Үш команда әр түрлі жануарлардың мінезін, іс - қимылын көрсетіп фонтамимика көрсетеді.
III. Сайыс
Климаттық белдеулерге сипаттама.
Әр топ өздері қалаған климаттық белдеулердің бірін таңдап, сол белдеуге сипаттама береді.
IV. Сайыс
Түсін мені
I - топ Еуропа
Таудың ана құдайы
Қар мекені
II - топ Азия
Аспан тауы
Сары Қытай
III - топ Еуразия
Терая
Жасыл Қытай
V. Сайыс
Шығармашылық жұмыс
Еуропалық тектес халықтар
Монғол тектес халықтар
Экваторлық тектес халықтар
Осы халықтардың өз шығармашылықтарымен картасын бейнелеу және осы халықтарға сипаттама беру.
VI. Сайыс
Кроссворд шешу
VII. Бағалау