Мектепке дейінгі тәрбие
Тақырыбы: "Ең сүйкімді бүлдіршін"
Мақсаты: Аналар мерекесіне орай балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай, сыйлай білуге тәрбиелеу. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне сүйіспеншілігін арттыру.
Жүргізуші: Қымбатты балалар, сүйкімді аналар, құрметті тәрбиешілер гүл көктемнің алғашқы ең жүрекке жылы, мейірімді мерекесі бүкіл мерекенің бастауы аналар мерекесі құтты болсын. Міне, қыс ызғарын жайма шуағымен сындырып, табиғат бойына нәр құятын, бар тіршілікті марғау ұйқыдан оятып Мейірлі көктем келді.
Өмірдің иесі сен ғазиз ана
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батыр да жоқ, ақында жоқ
Өмірдің алтын кілті сонда ғана,- деп жырлағандай 8 - Наурыз және Жыл басы Наурыз айының мерекесіне арналған "Ең сүйкімді бүлдіршін"сайысымызға қатысқалы отырған қыздарымызды аналарымен бірге ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Әділқазы алқаларын, сайлайық
Нақ сүйкімді бүлдіршінді бүгін таңдап алуға
Шалқытып мерекеде ән салайық
Өнерпаздар өрендермен танысайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқасымен танысайық.
Әділқазы алқаларымен таныстыру.
Жүргізуші:
1. Таныстыру (қол өнері үйге тапсырма)
2."Өнерлі - өрге жүзер" (өз өнері)
3."Білгенге - маржан"(сұрақ - жауап)
4."Қыздарға әсемдік жарасады"(шаш әсемдігін, сән киім үлгісін көрсету)
5."Дәм - думан"
Жүргізуші: Сайысымыздың алғашқы шарты "Таныстыруды"бастаймыз.
Таныстыру.
Жүргізуші: Ендігі кезекте "Өнерлі өрге жүзер"сайысы бүлдіршін қыздарымыз дайындалғанша ер балаларымызға кезек берейік.