Бутерброд түрлерін ата

Скачать

Ханшайым атты сабақтан тыс іс шара (Бесінші сыныптар арасында)

Мақсаты: Бесінші сынып бойынша алынған білімдерін мен дағдыларын бекіте отырып, оларды қолдануға мүмкіндік беру;
Бір - бірімен қарым - қатынас орнату, жауапкершілікке, қиыншылықтарды және білуге, ептілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Іс - шараның түрі: жарыс
Жұмыс әдістері: жеке, топтық, фронтальдық.
Жұмыс барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Топтардың таныстыруы:
Бүгінгі жарысқа екі топ қатысады. Оларды қарсалайық шапалақпен.
Ендеше, қыздар іске сәт! Жарысымызды бастайық.
3. Әділқазыларды таныстыруға рұқсат етіңіздер:
Технология пән мұғалімі –
Кітапханашы –
Оқушы
4. Топтардың сәлемдесуі.

ІІ. Қызығушылықты ояту.
Сұрақ - жауап, жұмбақтар шешу. Дұрыс жауап үшін 1 ұпай берілді.
1. Шайдың отаны қай ел? (Үндістан)
2. Жалпы бутерброд нанының қалыңдығы қанша см болуы керек? (1 см)
3. Шайдың құрамында қаңдай дәрумендер тобы бар? (С, Р, В)
4. Бутерброд түрлерін ата.
5. Тамыр жемісті көкөністерді ата.
6. Түйнекті қандай жемістерді білеміз?
7. Бірнеше рет қайталанған инешаншым орнын қалай аталады? (тігім)
8. Қаңдай тігіс түрлерін атай аласың?(қол және машина)
9. Ең алғаш рет тігін машинасының жобасын кім ұсынды? (Леонардо до Винчи)
10. Тігін машинаның атасы деп кімді атаймыз?
11. Ою - өрнектердің түрлерін ата.
12. Ою - өрнек сөздің мағынасын түсіндір.
13. Мақта талшықтардың қасиеттерін айт.
14. Зығыр талшықтардың түсі қандай?
Әрбір дұрыс жауапқа топқа бір ұпай.

ІІІ. Өнер алды қызыл тіл сайысы.
Топ мүшелері мақал - мәтелдің жолдарында ыммен айтылатын сөзді табу керек немесе мақалды жалғастыру қажет.
1. Жеті рет өлшеп,--------
2. Еңбек қылсаң ерінбей,--------------
3. Көз қорқақ,------------
4. Бүгінгі істі ----- қалдырма.
5. Өнерлі болу -----, өнерсіз болу бейнет.
6. Өнерліден -----, өнерсізден жирен.
Енді топ мүшелері мақал - мәтелдер жарыса айтады.(шектеулі уақытта)

ІҮ. Дастархан мәзірі сайыс
Қыздарға тапсырма беріледі — І топ Шай демдеу ережесін айтады.
ІІ топ Кофе қайнатуды айтады
Топ мүшелері Қ әріптен басталатын тағам түрлерін жазады. Бірдей аталған сөздерді сызып отырады, қанша сөз қалғанын есептейді (құрт, қуырдақ, қымыз)

Ү. Шебердің қолы ортақ демекші қыздарымыздың өнерін байқап көрейік.
Топ мүшелері Барби қуыршаққа 5 минут уақыт аралығында киім үлгісін жасап шығару.
Қыздар дайын болғанша ойын ойнаймыз. Екі ұл бала шақырылады. Қыздар киім шкафына қиялмен қарап, киім үлгілерін атайды, мысалы көйлек, белдемше.
Музыкалық номер орындалады.

ҮІ. Ал енді сән үлгілерін тамашалайық. Әрбір топ дайындаған коллекциясын көрсетеді.

ҮІІ. Мәре сайысы.
1. Картоп тазалау
2. Пиязды турау
3. Фасольды бұршақтан бөлу
4. Түйме қадау
5. Көктеу тігісті тігу
6. Шашылған қоқысты жинау
7. Ашық хатты жинақтау
8. Сусынды дұрыс ішу
9. Апельсинді тазалау
10. Апельсинді тазалау

Жарыста жеңісте, жеңілісте болады. Әділқазы алқасы қортынды шығарады, музыкалық номерлер орындалады. Жеңімпаздарды марапаттау.


Скачать


zharar.kz