Қызылорда облысы.
№101 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі
Шопанова Айгерім Ғабитқызы
Тақырыбы: Орталық Қазақстан
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: Орталық Қазақстан аймағының Сарыарқа деп аталу себебін, орналасқан аймағын картадан көрсету, оның табиғаты, қола дәуірінен бастап, ең бір өркендеген мәдениеттің орталығы болғандығын естеріне сала отырып, Тасмола мәдениеті, шаруашылығы, ерте темір дәуірінде осы аймақты мекендеген тайпалар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пайдалана отырып, сұрақ қою, жаңа материалмен байланыстыру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін, қосымша материал ұсына отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қазақтың кең Сарыарқа даласы, оны мекендеген тайпалардың мәдени ескерткіштеріне тоқтала отырып, оқушыларды еліне деген сүйіспеншілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, салыстыру, сұрақ - жауап
Көрнекілік: Дидактикалық материалдар, интерактивті тақта, Карта, тірек – сызба.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру
• Оқушылардың оқу – құралдарын тексеру
• Оқушылардың зейінің сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
А) Кім тапқыр ойыны
1. Мынау қандай қала?
Жауап: Шірік – Рабат қаласы
Қызылордадан 300 шақырым жерде орналасқан
Қаланың орталығында қамал салынған.
Онда қола жебе ұштары, саздан жасалған ұштары бар
2. Мынау қандай оба?
Жауап: Шірік – Рабат қаласы Қызылордадан 300 шақырым жерде орналасқан. Қаланың орталығында қамал салынған. Онда қола жебе ұштары, саздан жасалған ұштары бар
3. Мына адам кім?
Жауап: Алтын киімді адам Есік обасынан табылған алтын бұйымдардың
молдығына қарап, бұл мәйіт “Алтын киімді адам”деп аталады. Бұл адам 17 – 18 жас шамасындағы сақ ханзадасы деп тұжырымдаған.
4. Мынау не?
Жауап: Алтын киімді адамның бас киімі. Шошақ бөрікті болғаннан кейін бұны сақ – тиграхауданың бас киімі деп тұжырымдады. Бас киімде 150 ден аса жануардың суреті бар.
Мынау не?
Жауап: Тәж киген адам бейнеленген мөр – жүзік. Есік қорғанынан табылған.
Ә) Ғасырлармен жұмыс
Б. з. б. 8 – 5 ғасыр
Түгіскен мен Ұйғарақ ескерткіштері салынды.
Б. з. б. 4 – 2 ғасыр
Қамал орталығынан жебенің қола ұштары, алтын қапсырмалар т. б табылды.
Б. з. б 5 – 4 ғасыр
Бесшатыр обасынан қола ұшты жебелер, темір пышақтар, шаш түйрегіштер табылды.
Б. з. б 5 - 4 ғасыр
Есік Обасы орналасқан.
Б. з. б 8 ғасыр
Еуразия далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу - аң стилі пайда болды.
Терминмен жұмыс:
Аңдық стиль – Негізгі тақырыбы аңдарды және аңыздардағы қиял – ғажайыптарды бейнелеу болып табылатын б. з. б 8 ғасырларда далалы аймақтарда сәндік сипатта қолданылған өнер түрі.
Дромос – Оба астындағы қабірге алып баратын, мәйітті тонаудан сақтап қалу үшін жасалған дәліз тәрізді үсті жабық өткел.
Қабір – адамның бүтіндей немесе өртелген сүйегі қойылатын жерлеу орны.
Мөр – қағазға басу үшін жұмсақ материалға балшық ойылып түсірілген суретті таңба.
Оба - қабір үстіне топырақтан үйілген төбешік. Обалардың жеке тұрған және топтасқан түрлері болады. Топтасқан түрлері қорым деп аталады.
Тәті – төбесі мен шүйде тұсы ашық, кішігірім тәж тәрізді әшекейлі бас киім. Тәті негізінен асыл материалдардан жасалған.