Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы №219 Ы. Алтынсарин атындағы
қазақ орта мектебінің ІІІ деңгейлі тарих пәнінің мұғалімі
Жұмабаева Қалдыгүл Қалдыбайқызы
Ежелгі дүние тарихы 6 сынып
1. Сабақ тақырыбы: Египеттегі ғылыми білім негіздері
2. Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Египеттегі ғылыми білімдердің қалай қалыптасқаны жайлы мағлұмат бере отырып, оқушылардың сыни ойлауын дамыту
3. Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі:
топтар бір - біріне сұрақ қояды, ассоцация жасайды, салыстырып, талдау жасайды, өзіндік жұмыс жасайды.
4. Сабақтың нәтижелері (Оқушылар білетін, түсінетін болады және жасай алады):
Білу: Ежелгі Египетте қандай ғылыми білімдер болғанын
Түсіну: Ғылыми білімдердің қалай қалыптасқанын
Қолдану: Иероглифтер, жаңа сөздер
Талдау: Ежелгі мектеп пен қазіргі мектепті салыстыру
Жинақтау: Мектеп ережесін жасау
Бағалау: Қазіргі таңда ғылым дамуының адамзатқа тигізген әсері
5. Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау (әрбір оқушыны оқыту туралы білу): Оқушылар сабақ барысында сыни ойлауын дамытатын сұрақтарға жауап береді, ББҮ кестесін толтырады.
6. Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс - талабын есепке алу:
Топтарға тапсырманы орындау шарттарын түсіндіремін. Әр топты аралап жұмысты қалай орындап жатқанын бақылаймын. Ерте аяқтаған оқушыларға жеке шығармашылық тапсырма беремін. (Кеңейтілген сұрақтар жазбаша түрде)
7. Ресурстар мен жабдықтар
Оқушыларға арналған жұмыс парағы, А4 форматтағы қағаз, түрлі - түсті қаламдар, интерактивті тақта.
Толық нұсқасын жүктеу