Ана
Асыл ана, аяулы ана – қымбаттым,
Анашым деп алғашқы рет тіл қаттым,
Бар бақытын балалардың ойлаған
Түн ұйқысын төртке бөліп,
Бөпешім деп үн қаттың.
Қамқор ана, мейірімді ана – ардақтым,
Бала үшін бар өмірін арнап шын.
Болашаққа бағыт беріп талпынтып,
Сұлулықтың нұр арайын тараттың.
Аяулы анам, асыл анам, ақ анам,
Сенен артық бұл өмірде бар ма адам?!
Сен барыңда жабырқамай қуанам,
Сен болмасаң гүлге ұқсармыз қуарған.
Аналардың кір шалмасын көңілін,
Балалары нұрға бөлеп өмірін
Жаз гүліндей жадыраған жүзіңнен,
Шаттық нұры, бақыт нұры төгілсін.