Мұқағали МақатаевКөктем келді ауылға, мамырлап бұлт, Таң - тамаша дүние, дабырлап жұрт

Скачать

Мұқағали Мақатаев

Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт,
Таң - тамаша дүние, дабырлап жұрт.
Көктем келді. Өмірдің келешегі -
Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
Сағым қыздың ап қашып орамалын,
Асыр caп тентек жігіт - жел еседі.
Көктем келіп ауылға қыз көрікті,
Таң - тамаша дүние жүзге еніпті.
Асқар ала таулардан асып әрі,
Аяз атаң барады мұз бөрікті.
Көктем, көктем! Қыз - көктем ауылдағы
Өлең - жыр, әзіл - күлкі ауыл маңы.
Тиянақ таппай ұшқан көк көбелек,
Көк гүлге қонды - дағы дамылдады...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2


Скачать


zharar.kz