Әсем - Айдың арулары 2014 байқауына қош келдіңіздер

Скачать

Тақырыбы: Әсем - Айдың арулары 2014
Мақсаты: Қазақ қызы деген атқа лайық ойы әсем, тәні әсем, ісі әсем болып қалыптасуына баулу. Адамгершілік пен сабырлық сынды асыл қасиеттерді бойына жинаған аяулы аналарымыз өнерге ұмтылған қыз балаларын тәрбиелеуі.

Көрнекілік: үнтаспа, нақыл сөздер, сұрақ салынған киіз үй.

Ұйымдастыру бөлімі.
- Қайырлы күн, қадірлі қонақтар, ұстаздар! Әсем - Айдың арулары 2014 байқауына қош келдіңіздер.
Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма,
Борышты оған небір дархан, дана да.
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге,
Ей адамдар жол беріңдер анаға!, - қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас, алма мойын – бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға арналған теңеулер. Ендеше байқауға қатысатын қыздарды анасымен бірге ортаға шақырайық.
6 сайыскер.
Сайыскерлерді әділ бағалайтын әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
........................
Тәрбиеші: Байқау 6 бөлімнен тұрады.

1 - бөлім. Таныстыру.
Шарты: Әр топ өздерін өлең шумақтарымен таныстырады.

Бірақ ұшқыр қиялыммен жасымнан,
Бар әлемнің биін билеп келемін.
Тынбай соққан даланың бір жүрегін,
Бетке алады тағдыры ортақ би елін.
Ендігі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.

2 - бөлім. Би сайысы
Шарты: Индия немесе шығыс биі, анасы мен қызы бірге орындайды.

Музыкалық нөмір. Әділ қазылар шешімін шығарғанша ортада Қонжық тобының тәрбиеленушісі Мұрат Жантөренің орындауында Анашым әні.

Тәрбиеші:
Сөз керек - ару, әйел, ананың сұлулығын айтып жеткізуге.
Сөз керек - дүниенің алтын діңгегі Ана екендігін әйгілеуге.
Сөз керек - анаға деген махаббат пен құрметті тіл ұшын үйіруге.
Сөз керек - жылына бір рет болса да Ана мен әйелдің көкіректі кернеген сезім мен көңіл - күйін білдіруге, - дей келе ән айтуға кезек берейік.

3 - бөлім. Ән айту сайысы
Шарты: Анасы мен қызы бірге қосылып орындайды

4 - бөлім: Білім және дәстүр сайысы
Шарты: Билетте 3 сұрақ 1 - сұраққа кішкентай аруларымыз жауап береді, қалған 2-сұраққа аналарымыз жауап береді.

Арулар - аяулылар, ардақтылар,
Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.
Арулар - тіршілікке күретамыр,
Өмірді бір - бірімен жалғап тұрар.

5-бөлім: Мәнерлеп оқу сайысы
Шарты: Мәнерлер өлең оқиды, оқу басындағы 2 шумақты әдемі арулар бастайды, 2 шумақпен аналарымыз аяқтайды.

6-бөлім: Ас - адамның арқауы сайысы
Шарты: Ас үйде бірігіп жасаған салаттарын айтып түсіндіру.

Жеңімпаздарға арнайы жасалған номинациялар мен грамоталар, аналарына сыйлықтар тапсырамыз.
Өмірде ана - бұлақ, ана - пана,
Өмірді өркендетер ана ғана дей отырып, мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Скачать


zharar.kz