Тәуелдік жалғауын пысықтау

Скачать

Тақырып: Тәуелдік жалғауын пысықтау. Қазақстанның табиғаты
Мақсаты:
1. Білімділік: Тәуелдік жалғауы туралы түсініктерін пысықтау. Қазақстан табиғаты тақырыбы бойынша білімдерін толықтыру.
2. Дамытушылық: Сөздерді тәуелдеу арқылы оқушылардың логикалық ойлау өрістерін, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорын, ауыз – екі сөйлеу тілдерін дамыту. Өз бетінше шығармашылық жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз Отанын қорғай білуге, адамгершілік қасиеттерге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, оқулық, сөздік, тірек сызбалар, тест тапсырмалары, кеспелер.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, баяндау, тексеру, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, ойын, ізденіс, кесте бойынша жұмыс.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а. Сәлемдесу
ә. Кезекшімен сұхбат
б. Оқушыларға бір – біріне жылы - жылы тілек айтқызу
Мысалы: Менің тілейтінім денсаулық, жақсы көңіл, сәттілік...

ІI. Өткен сабақты қайталау
Сұрақ – жауап жүргізу.
- Тәуелдік жалғау дегеніміз не?
- Тәуелдік жалғаудың неше түрі бар?
- Неше жағы бар?
- Сенің туған жерің қандай?
- Қазақстанның жері қандай?
- Қазақстан қандай мемлекет?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
а) Қазақстанның табиғаты мәтіні бойынша жұмыс.
ә) Тәуелдік жалғауын пысықтау
Қазақстанның табиғаты
Республика жерінің үлкендігі соншалық оның оңтүстігі мен солтүстігі, батысы мен шығысындағы табиғаты бір – біріне ұқсамайды. Оңтүстігінде жемістер гүлдеп, жер бетін астық жапқанда, солтүстігінде әлі қар жатады.
Республиканың оңтүстік аудандарында күріш, қант қызылшасы, мақта, жүзім, алма, қарбыз, қауын, әртүрлі дәрілік шөптер мен толып жатқан өсімдіктер өсіріледі. Бұл аймақта жаңбыр өте аз жауады. Жазы ыстық және құрғақ болады. Оның үстіне бұлардың барлығы да суды өте көп қажет етеді, Іле, Шу, Сырдария өзендерінің мол суы - бұл аймақтың байлығы.
Республиканың солтүстігінде астық пен көкөністер жақсы өседі. Бұұл өсімдіктерге су онша көп қажет емес. Мұнда күн ыстық емес, жаңбыр да жиі жауып тұрады.
Біз табиғаты сүйе білуіміз керек. Табиғат дегеніміз шалғын шөп, орман, өзен, көл, тау. Оларды қорғауымыз керек. Табиғатты қорғап сақтау үшін біз өз үлесімізді қосамыз.
Табиғат – асыл қазына.
а) - Мәтінді оқытушының мәнерлеп оқуы
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту;
- Мәтінді аудару;
- Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру (жұппен жұмыс істеу)

ә) – Қазақ тілінде неше жалғау бар?
- Тәуелдік жалғауының қосымшаларына тоқтал;
- Мәтіннен тәуелденген сөздерді теріп жаз және жалғауын, жағын, жекеше, көпше түрін анықта. Мысалы: жер - і - нің, - і – тәуелдік жалғауының 3 – жағы, жекеше түрі. үлес - іміз – ді, іміз – тәуелдік жалғауының 1 – жағы, көпше түрі.
- табиғат, байлық, жер, орман, көл, өзен - сөздерін тәуелдеп, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңдар
Үлгі:
Жекеше түрі ------------- Көпше түрі
І Менің табиғат – ым ----------------------- І. Біздің табиғат - ымыз
ІІ. Сенің табиғат – ың ----------------------- ІІ. Сендердің табиғаттар - ың
ІІ. Сіздің табиғат – ыңыз ------------------- ІІ. Сіздердің табиғаттар - ыңыз
ІІІ. Оның табиғат - ы ----------------------- ІІІ. Олардың табиғаттар – ы

Кім жылдам ойыны.
Ойынның шарты: сөздерді сөз құрамына талдау, тәуелдік жалғауларын белгілеу (таулары, өзен - көлдері, аудандары, қант қызылшасы, көкөнісіміз, өзендерінің, оңтүстігі, жерінің, жемістері, аймағымыз, өсімдіктері),
Үлгі: көкөнісіміз – түбірі - көкөніс, - іміз – тәуелдік жалғауының 1 - жағы, көпше түрі.

Кеспелермен жұмыс.
№1 кеспе
Төмендегі сөздерді тәуелде.
Қазына, шөп, жеміс, жер.
№2 кеспе
Тәуелдеулі зат есімді тауып, астын сыз және тәуелдік жалғауын белгіле.
Серуендеген жерімізді ластамай, таза сақтауымыз қажет. Осылайша бізде елімізге өз үлесімізді қосуымыз қажет.
№ 3 кеспе
Тәуелдеулі зат есімді тауып, астын сыз және тәуелдік жалғауын белгіле.
Менің өз елім, жерім бар. Қазақстанның табиғаты алуан - түрлі.
№4 кеспе
Тәуелдеулі зат есімді тауып, астын сыз және тәуелдік жалғауын белгіле.
Менің Отаным кең - байтақ. Елімнің табиғаты өте бай.

Бекіту: Тақтада жұмыс. Сызбаны толтыр

Тест сұрақтары:
1. Септік жалғаудың неше түрі бар?
а. 5
ә. 2
б. 4
в. 7
г. 6
2. Қай жалғаудың ІІІ - жағында жалғауы жоқ?
а. тәуелдік
ә. септік
б. көптік
в. жіктік
г. көмектес септік
3. Оқулығым, ұстазың – сөздеріне қандай жалғау жалғанған?
а. тәуелдік
ә. септік
б. көптік
в. жіктік
г. жіктік жалғаудың ІІ – жағы
4. Колледждер, балалар – сөздеріне қандай жалғау жалғанған?
а. септік
ә. көптік
б. тәуелдік
в. жіктік
5. Септік жалғауы жалғанған сөздерді көрсет:
а. дәптерім, қаламым
ә. ұстазға, оқушыны
б. қазақстанның, мемлекетім
в. заңгермін, рәміз
6. Жалғауы бар сөзді тап:
а. Отанның
ә. ту
б. елтаңба
в. рәміз
7. Шығыс септік қандай сұраққа жауап береді?
а. қандай?, қай?
ә. қанша?, неше?
б. кіммен?, немен?
в. кімнен?, неден?
8. – ымыз – іміз – жалғаулары қай жалғаудың нешінші жағының жалғауы?
а. тәуелдік жалғауының І – жағы
ә. септік жалғауы
б. жіктік жалғауының көпше түрі, ІІІ – жағы
в. тәуелдік жалғауының көпше түрі, І – жағы
9. Мұғалім деген сөзге көптік жалғауын жалға:
а. – дер
ә. – ы м
б. – ға
в. – мен
10. Қазақстанмен, мемлекетпен – деген сөздерге қандай септік жалғауы жалғанған?
а. барыс
ә. көмектес
б. жатыс
в. шығыс

Қорытындылау: Сұрақ - жауап.
- Тәуелдік жалғаулары туралы не білесіңдер?
- Тәуелдік жалғауының қандай түрлері бар?
- Қазақстанның табиғаты, даласы қандай?
- Венн диаграммасы бойынша оңтүстік, солтүстік өңір табиғатын салыстырыңдар.

Үй жұмысы: Қазақстан табиғаты туралы материал қарау, сабақта берілген мәтін бойынша дайындалу, табиғат туралы екі шумақ өлең жаттау.

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Покровка селосы,
Ж. Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылық колледжі,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Шакирова Гульяра Балгабаевна


Скачать


zharar.kz