Жәутіков ғылым жолында

Скачать

Қызылорда қаласы
М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі
Математика пәнінің оқытушысы
Жұмағұлова Гүлназ Абдуллақызы

Тақырыбы: Тума талант-тұғырлы ғалым
Мақсаты: Оқушыларды физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Орынбек Ахметбекұлы Жәутіковтің өмірі мен ғылым жолында еңбектерімен таныстыра отырып математика ғылымына қосқан үлесі туралы мағлұмат беру, болашақ математиктердің өз мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

Түрі: Сұхбат
Барысы:
1-жүргізушісі: Армысыздар құрметті оқытушылар!
2-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, баянды елдің болашақтары, жас математиктер! Жаңашылдыққа жаны құмар жастар!
1-жүргізуші: Әр кезеңнің өз міндеттері бар деп ұлы Гейне айтқандай, әрбір оқу жылы жарқын істер, жаңа идея, тың дүниелермен басталады.
Ұстаздықты ұлық тұтқан, өз ісіне үлкен жауапкершілік сезімімен қарайтын оқытушының да, білімді өмірінің мақсұты еткен оқушының да әрбір оқу жылынан көп жаңалық күтетіні даусыз.

2-жүргізуші: Оқу орнымыздың жаңа оқу жылындағы жұмыс тақырыбы ҚР білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы талаптарына сай білім сапасын дамыту арқылы кәсіби құзыретті мамандар даярлау деңгейін арттыру болып отыр.

1-жүргізуші: Кәсіби құзыретті маман дегеніміз - өзіндік құзыреттілігі жоғары, өз маманының шебері, яғни жан-жақты мамандығын толық игерген тұлға. Сондықтан түрлі құзыреттілікті бойымызға сіңіру-бұл біздің міндетіміз. Кәсіби құзыретті маман болудың алғы шарты-тұлға болу. Ал, тұлға болу үшін жоғары жетістіктерге талпынатын, функционалды дамыған, қазіргі қоғамға қажетті болуымыз қажет.

2-жүргізуші: Осы мақсатта жас математиктерге айтулы тұлғалардың бірі - ашқан жаңалықтарымен әлемге танымал болған математик Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков туралы жан-жақты мағлұмат берсек деген ойдамыз.

1-жүргізуші: Математика – танк жүргізушіге қажетсіз болғанымен,танк жасауға қатысатын ғылым -деп математика ғылымының докторы, профессор, академик Серікбай АЙСАҒАЛИЕВ айтқандай Орынбек Жәутіковтің зерттеген жұмысының, ашқан жаңалығының қоғам мен математиканың дамуына зор үлесі болғаны сөзсіз.

2-жүргізуші: Ендеше алғашқы сөз кезегін БМ-Л-09 тобының студенті Жәнәбілова Үмітайға берсек.
Жәнәбілова Үмітай: Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға

1-жүргізуші: Математика-адам үшін, адам математика үшін жаралған. Мен Жәутіковті математика үшін жаралған дер едім. Жәутіков ғылым жолында... . Сөз кезегін М-Л-10 тобының студенті Бұлдырықова Балғынға берсек.

2-жүргізуші: Жақсы кітапты оқу өткен ғасырдағы кемеңгерлермен ауызба-ауыз сөйлескенмен бірдей және олар өздерінің ең озық ақыл-ойларын алдымызға жайып салады -деп Р. ДЕКАРТ оқулық пен кітап жайында осындай тамаша ойларын білдірген екен.

1-жүргізуші: Ендеше Жәутіков жазған кітаптары жайында М-Л-10 тобының студенті Сералиева Райхан тарқатсын.

2-жүргізуші: Осындай тамаша кітаптардың авторы, дарынды математик Орынбек Жәутіковтің атында дарынды балаларға арналған физика-математика мектебі бар екені баршамызға мәлім. Осы мектепті жан-жақты зерттеген, өз ойымен бөлісуге ортаға Қоңырбаева Айбануды шақырамыз.

1-жүргізуші: Жиенқожаева Құралай: О.Жәутіков атындағы олимпиадалар

2-жүргізуші: Құрметті оқушылар! Сіздерді Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Орынбек Ахметбекұлы Жәутіковтің өмірі мен ғылым жолындағы еңбектері туралы толық мағлұмат алды деген ойдамыз.

1-жүргізуші: Ақыл-ойды тәртіпке келтіретіндіктен математиканы оқу керек деп М.В.Ломоносов айтқандай, математика ғылымын сүйіп оқиық.

2-жүргізуші: Қош, сау болыңыздар!


Скачать


zharar.kz