Жаңадан бас қосқан жұптарға арналған кеңес
Неке дегеніміз екі адамның қуаныш пен қайғыны бөлісуі, сондай-ақ көптеген күнделікті мәселелерді шешуге тиіс болып табылатын бірлесе өмір сүруі. Бірлесе өмір сүруді шешкен соң, кез келген жағдайда төзімді болып, даулы жағдайларда ымыраласа шешімін табуға тырысу қажет. Бірінші рет ұрыс - керіс болған жағдайда дереу ажырасуға бел бумаңыз, қалайда сабыр сақтауға тырысыңыз. Ондай қадамға бармас бұрын, бұл сіздің соңғы шешіміңіз бе осыған сенімді болыңыз.
Некеде негізгі құрамдас бөліктерінің бірі – әйел мен ер арасындағы тығыз қарым - қатынас. Алғашқы кездегідей құмарлық қасиет мәңгілік болмайды, бірде алаулап жанса, бірде өшеді, алайда, жұптар бір - бірінің арасында салқындық тууына жол бермеу керек.
Сонымен неке – өз дәстүрлермен және отбасылық құндылықтармен қоғамда өзінше шағын мемлекет. Ендеше, бұл өмірде сол отбасыңыздан маңызды ештеңе жоқ.
Неке дегеніміз – барлығы жақсы болып бітетін және күрделі мәселе өздігінен шешілетін романтикалық кино емес.
Көптеген ерлі-зайыптылар басқа да жұптарға қарап, олар қандай жарасымды - деп ойлайды?
Шындығында кез келген отбасында қиындықтар мен жағымсыз жайлар жеткілікті, кейбіреулер оны өз қабырғасының ішінде шешкенді жөн санайды, кейбірі ашықтан-ашық жайып салады.
Басқалармен өзіңізді ешқашан салыстырудың қажет жоқ. Кез келген қиындықты өз отбасыңызбен ақылдаса отырып шешкен жөн.
Отбасын құрғаннан кейін сіздің мінез - құлқыңыз.
Үйде қарым - қатынас пен романтикалық атмосфераны ұстап тұру үшін сізге төмендегі кеңестер көмектесе алады:
1. Сіздің көңіл-күйіңіз бен мінез-құлқыңыз әрқашан жұбайыңызға әсер етеді. Егер бүгінгі күн сәтсіз өтті ме, оған бола жұбайыңыздың көңіл-күйін түсірудің қажет жоқ. Бір-біріңізді құрметтей біліңіздер.
2. Некенің сәтті де табысы болуы үшін өз-өзіңмен, жіберген қателіктеріңмен жұмыс істеуге туралы келеді. Екеуіңіз араздасып қалған жағдайда, апта бойы үндемей, ренжіп жүре беруге болмайды. Бір- біріңізбен сөйлесіп ортақ шешімін табыңыздар.
3. Әрқашан сыртқы пішініңізге көңіл бөліңіз. Көптеген бойжеткендер тұрмыс құрғаннан кейін, келбетіне көңіл бөлмей кетеді (ер азаматтар да солай). Бірақ бұл бекер. Өйткені, сіз ең бірінші жұбайыңыз үшін әдемі болуыңыз керек.
4. Бір-біріңіздің әуесқой іс-әрекетіңізді құрметтеңіздер. Тұрмыстық мәселелер, кеңестер сондай-ақ өз талғамыңыз бен қызығушылықтарыңызды жұбайыңызға жүктей бермеңіз. Егер оған ұнамаса, айтқаныңызды орындағысы келмесе ренжімеңіз.
5. Тұрмыстағы кейбір атқарылған шаруаларға бір-біріңізге мақтау айтып отыруды ұмытпаңыз мысалы, ыдыс жуылғанда, үйді қоқыстан тазартқанда. Жұбайыңызға бұл жағымды әсер береді.
6. Туындаған мәселені дер кезінде шешу керек, кейінге қалдырмау керек.
7. Бір - біріңіздің қателіктеріңізді кешіру керек. Бұған екеуіңіздің де қақыңыз бар. Бірдеңе дұрыс болмай жатса, кінә артпаңыз.
8. Екеуіңіздің араңыздағы қарым-қатынас оң болмай жатса, бұған жұбайыңызды кінәламаңыз. Себебі, ол сізден айыптау емес, қолдау мен қамқорлық күткен болуы мүмкін.
9. Кейде жұбайыңыз сізге деген сүйіспеншіліктерін көрсеткісі келеді, бірақ оны сізге ұнайтындай етіп білдіре алмайды.
10. Жұбайыңыз сіздің сүйетінін есіңізден шығармаңыз, себебі сүймесе сізбен бірге отбасын құрмас еді. Көп ер азаматтар өз эмоциясы мен сезімін білдіруде ұстамдылығымен ерекшеленеді. Өз ойы мен қалауын жұмбақтамай ашық айтуға бағыттаңыз.
11. Отбасында кездесетін күрделі мәселелер болса, оны кейінге қалдырмай, бір - біріңізге сілтемей тез шешімін табу керек. Егер өзіңіз білмесеңіз, қателеспей дұрыс шешім табу үшін, сондай жағдайды бастан өткерген достарыңызбен ақылдасып көріңіз.
12. Әр адамның өзіне тән ерекшеліктері бар. Көбіне, отбасылық ұрыс-керістер мінезі қиын жұптар арасында туындап жатады. Сол себепті татуласу үшін ұзақ уақыт жұмсайды, кейде сол ұрысқа себепші болған адамның өзі татуласуды қаламай жатады. Отбасы мүшелерінің әрбірінің пікірі мен тілегін құрметтеу керек, бір-біріңізді сыйлай біліңіздер. Өйткені, үйдегі жайлы да тыныш атмосфера әрқашан сізге ғана емес сонымен қатар балаларыңызға да қуаныш сыйлайды.
13. Бұл өмірде барлық адамның бар қалауы орындала бермейді. Үнемі бір нәрсе артық, не бір нәрсе жетіспейді. Қолыңызда барға қанағат ете біліңіз.
Айрылысу – бұл мәселенің шешуі емес. Бұл сіздің балаларыңыз үшін өте ауыр процесс, олардың рухани санасына (психикасына) керіс әсер етуі мүмкін. Айрылысу туралы шешім шығармас бұрын мұқият ойланыңыз!
Отбасы психологиясы қарау