Болған ана

Скачать

Болған ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Болған ананың күмбезі Жезқазған қаласының оңтүстігінде Сарысу өзенінің жағасындағы биік төбенің басында орналасқан. Сол маңдағы күмбездердің ішіндегі еңселісі әрі үлкені – Болған ананың кесенесі. Оның үстіне Болған ана кесенесі бүгінге дейін қирамай жеткен.
Болған ана кім? Неге ол кісіні жұрт әулие санайды?
Болған Ана және ол туралы зерттеулер тек қаңлы тайпасының ғана емес, бүкіл қазақ халқының тарихына тікелей қатысты. Болған ана күмбезін ұрпақтары Жошы хан мазарынан 100 шақырымдай жерде тұрғызылған. Тарихи жазбаларда күмбездің сырты ақ түсті болған деген мәліметтер бар. Қазір ол ақ түсінен айырылып, күйдірілген қызыл кірпіші ғана қалған. Күйген кірпіштерде 20 шақты ру таңбасы, арабша жазулар бар екен.
Қазір Қара Кеңгір мен Сары Кеңгірдің тоғысатын Сарысу өзенінің тұсындағы биіктігі үлкен қорымда Болған Ана мен Шыңғыс ханның екінші әйелі Құлан қатынның кесенелері бар. Бұл жерден үш жүздің басы қосылып, ұлы бірлікке қол жеткізіп, таңбаларын тасқа қашаған өңір де алыс емес. Ғасырлардың куәсі болған күмбездер тозғанымен әлі асқақ. Болған Ана мавзолейі күрделі жөндеуді, ал оның өмірі жолы, өнегесі одан әрі зерттеуді қажет етеді. Тарихымызды терең тану үшін ірі жұмыстар керек .
Болған ана күмбезі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші.
Сарысу мен Қаракеңгір өзендерінің қиылысында, Қаражар шатқалында орналасқан. Аңыздарда Болған ананы Алаша ханның келіні деп атайды. 1990 жылы Алматы мемлекеттік архитектура және құрылыс институтының экспедициясы (жетекшісі Е. Байтенов) зерттеген. Кесененің қосбетіндегі арқалы порталды кірер аузының айналасы қуыстана жасалған. Бөлменің төменгі шаршы бөлігінің күмбез шеңберіне өтер тұсындағы бұрыштары арқалы - тромыты тәсілмен өрілген. Тормп қолтықшалары қосарланған кірпішті қиғаштап, бұрышын шығара қалау арқылы өрнектелген. Ескі сылақтың қалдығы П тәрізді порталдық арқаның белдеуімен жапсырылған әшекейлі қыш тақташалардың терракота түсті болғанын көрсетеді. Порталдық ширек бұрышты бағаналары мен басқа қабырғалары түгел ақ түсті. Көрнекті жерге салынған Болған ана күмбезі алғашқы нұсқасында әдемі болғанға ұқсайды. Ал осы өңірдегі кейінірек салынған кесенелер архитектурасына (Ақтыбай, Қауқабай т\б) да әсерін тигізеді.


Скачать


zharar.kz