Белгілердің ажырау заңы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырау заңы.
Гомазиготалы, гетерозиготалы даралар.
Сабақтың мақсаты: Дигибридті будандастыру және белгілердің тәуелсіз ажырау заңдылығы туралы білім беру. Оқушыларға будандастыру нәтижелерін арнайы жазу жүйесін (Пеннет торын) пайдалануды үйрету.
Дамытушылығы: оқушыларға биологиялық ғылыми әдістер арқылы организмді будандастыру нәтижесінің мүмкіндіктерін белгілі бір дәрежеде болжауға болатындығын түсіндіру. Генетикалық терминдердің мәнін ашу.
Тәрбиелігі: Генетика туралы түсініктерін дамыту. Кесте мен кітаппен жұмыс жасап үйрету.
Шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: Хабарлама, жаңа білімді қалыптастыру.
Әдістемелік шешім: Сұхбат, әңгіме - сұхбат, кестелер мен суреттерді қолдану, электрондық оқулық арқылы жұмыс.
Құрал - жабдықтар: Сурет бетшелері, электрондық оқулық, интерактивті тақта, тірек сызба, суреттер, кестелер.
Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Моногибридті шағылыстыру. Бірінші ұрпақтың біркелкілігі туралы білімдерін
зерттеу. Есептер шығару.
І есеп. Адамда таскерең ауруы аутосомалы - рецессивті типті тұқым қуалайды. Егер әке - шешесі де осы ауру бойынша гетерезиготалы болған жағдайда осы отбасында сау және ауру балалардың туу ықтималдылығы қандай?
Шешуі: Есептің шартын кестеге жазамыз

Некеге тұрған ата - ананың генотипі гетерозигота - Аа және Аа. Олар жақсы естиді. Гетерозиготалы ата - анадан балалардың өмірге келу ықтималдығы генотипі бойынша мынадай болады: АА - 25%, Аа - 50%, аа - 25% болады.
Жауабы: сау балалардың өмірге келу ықтималдылығы - 75%, ал ауру болуының ықтималдылығы - 25% болады.

ІІ. Жаңа сабақ: Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырау заңы.
Гомазиготалы, гетерозиготалы даралар.
Мендельдің екінші заңы: Белгілердің ажырау заңы.
Жаңа сабақты ашу үшін Мендельдің бірінші заңы негізінде қандай заңдылықтар ашылды?
Мендель Бір немесе екі белгісінде айырмашылығы бар дараларды будандастырғанда қандай өзгеріс болады деп еді?
Екі белгісі (сары тегіс және жасыл бұлдыр) дараларды будандастырғанда дараларды будандастыру қалай аталады?
Бірінші ұрпақтың гетерозиготалы (будандық) дараларын өзара шағылыстырса, екінші ұрпақта (Ғ2) белгілердің ажырауы жүріп, екі белгі де жарыққа шығады. Ажырау фенотипі бойынша 3: 1, ал генотипі бойынша 1: 2: 1 арақатынасында байқалады, бұл Мендельдің екінші заңы.


Скачать


zharar.kz