Қарамен берілген сөзді сөз құрамына талдап, кестеге жазу

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Шынықсаң шымыр боласың
Қазақ тілі 2 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
Сабақ нәтижесі: Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі: 1. Сөз құрамына талдай алады;
2. Түбір мен қосымшаны ажырата алады;
3. Әңгіме құрай алады;
4. Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс - тәсілдер Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі.

Басталуы 5 минут
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Спорт сайысының сызбасы ілінеді:
1. Әр кезең белгіленіп тұрады, кезеңнен өткен сайын жалауша жылжып отырады;
2. Алтын , күміс , қола жетондармен бағаланады;
3. Жүлделер қоржыны тақтасы ілінеді; (маркермен тақтаға қорытындыны жазып отырамын)
Топтарға бөлу.
Сөреде ілінген стикерлерді алады да, сөз мағынасына сәйкес топқа барып отырады.
1 - топ: Синоним Хоккей ойыны
2 - топ: Антоним Биатлон ойыны
3 - топ: Омоним Мәнерлеп сырғанау
4 - топ: Түбір сөз Коньки ойыны

Жаңа білім 10 минут
Білу және түсіну
І КЕЗЕҢ (ТЖ)
1 - тапсырма: Әр топ өз спорт түріне сәйкес ассосациялар ойлап жазады;
2 - тапсырма: Жинақтаған сөздерін кестеге түсіреді;
Түбір сөз ------ Қосымша ---- Сөз
хоккей --------- ші ------------- хоккейші
коньки -------- ші -------------- конькиші
Білу және түсіну
1. 1 Б. К
І КЕЗЕҢ (ТЖ)
1 - тапсырма: Әр топ өз спорт түріне сәйкес ассосациялар ойлап жазады;
2 - тапсырма: Жинақтаған сөздерін кестеге түсіреді;
Түбір сөз Қосымша Сөз
хоккей - ші хоккейші
коньки - ші конькиші
ІІ КЕЗЕҢ
2. 1 Б. К
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
1 - тапсырма:
№52. Сурет бойынша әңгіме құра. (спорт комментаторы ролінде әр топ оқушыларынан сұхбат аламын)
Жариялау әдісі
(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.
o Бұл қысқы ойын түрі қалай ойналады?
o Осы ойын түрлері бойынша жүлдегер атанған қандай қазақстандық ойыншыларды білесің?
2 - тапсырма: (Ж. Ж)
№ 53 Тақырыпты экраннан оқу (өлең мазмұнын болжау)
1. Іштен оқу;
2. Қарамен берілген сөзді сөз құрамына талдап, кестеге жазу;
Қолдану
ІІІ КЕЗЕҢ
3. 1 Б. К
Дәптермен жұмыс.
1 - тапсырма:
№ 54 (тиісті сөзді қойып көшіріп жазу)
Спорт комментаторы ойыны. (дыбыссыз видеоны хабарлау)

Сергіту сәті 2 минут
Қар лақтыру ойыны
Ережесі: Топ мүшелері бүгінгі сабаққа қатысты бір сұрақты параққа жазады, парақты умаждап, келесі топқа лақтырады.. Осылайша барлық топ жұмыс жасайды.
Мұғалімнің аты - жөні: Қуанышбекова Н. Н.
Түбір мен қосымша, Шынықсаң шымыр боласың. жүктеу
Түбір мен қосымша слайд жүктеу


Скачать


zharar.kz