Етістік (презентациясымен)2 - классСабақтың тақырыбы

Скачать

Тақырыбы: Етістік (презентациясымен)
2 - класс
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Мақсаты: Оқушыларға заттың қимылын білдіретін сөздерді айта отырып етістік туралы кеңінен түсінік беру, қоршаған ортадан мысал алып сұрақ қою арқылы табу, әдемі, сауатты жазып, еңбекқор, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Міндеттері:
Білімділік: Етістік туралы түсінік беру, оларды сұрақ қою арқылы табуға үйрету, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сауатылыққа, еңбекқор, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жаттығу жұмысы барысында ой өрісін, қиялын дамыту, дүниетанымын кеңейту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: ойын, сұрақ - жауап, ой - қозғау, шығармашылық тапсырма, семантикалық карта.
Көрнекілігі: слайд, суреттер, кеспе қағаздар, видео роликтер.

Сабақ барысы:
І. Психологиялық дайындық
Сәлеметсіздер ме қонақтар?
Қайырлы таң достым
Қайырлы таң құрбым
Сәрсенбінің сәті
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алған бағаң
Кілең бестік болсын.

ІІ. Үй жұмысын тексеру
415 - жаттығу
(Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем ойла )

ІІІ. Үй жұмысын бекіту
Етістік дегеніміз не?
ІV. Жаңа сабақ
Дәптерге күннің жадын, тақырыпты жаздыру
- Көркем жазу.
Суретте берілген жануарлар мен құстардың атын әдемілеп жазу
- Мына кейіпкерлерді танимыз ба? Қане зер салып қарайық
Маша мен аюдың басынан өткен оқиғаларды шешуге көмектесеміз
416 – жаттығуды орындайық
(Берілген сөздердің ішінен етістікті тауып, етістік екенін дәлелде)
Енді, шегені алуға көмектесейік
417 - жаттығу
“Білім керек бәріне” тақырыбына әңгіме құра
Енді, Маша мен аюға үйді сырлауға көмек берейік
418 - жаттығу
Мақта
Мақта - бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады. Мақта құнарлы топырақты және ылғалды ұнатады. Ол суармалы жерде өсіріледі. Пісіп жетілген кезде қауашағы ашылады. Одан үлпілдек ақ мақта көрінеді.

Етістіктер: Алынады, ұнатады, өсіріледі, ашылады, көрінеді.
Аюға еденді тазартуға көмектесейік

V. Сергіту сәті
Мақта - бағалы өсімдік
“Машинка” ойыны
Әріптерді рет - ретімізбен айтамыз.
Сөз аяқталса орнынан тұрады.
Тыныс белгі қажет жерде аяқпен жерді тепкілеу
Өлең жолы аяқталса шапалақтау

VІ. Шығармашылық тапсырма.
Ертегі кейіпкерлеріне тән іс - қимылдарды ұйқас түрінде жазу
Арыстан ақырады
Әтеш шақырады
Түйе боздайды
Қой қоздайды
Бақа бақылдайды
Құс шиқылдайды

419 - жаттығу
Жұмбақты жатқа жаз, шешуін тап.
Түнде жортады,
Жарықтан қорқады (Үкі)

VІІ. Бекіту
Маша мен аю қандай құралдарды пайдаланды?
Сол құралды қатыстырып сөйлем ойла.
Семантикалық карта
№------Сөздер------- Зат есім-------- Етістік
1 -------Кітап
2------- оқыды
3------- Ата
4------- қарады
5------- жүгірді

VІІІ Үй тапсырмасы
Ереже жаттау.
Үкі туралы мәлімет жинақтау
ІХ. Бағалау


Скачать


zharar.kz