Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы
№13 ұлттық-мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Мұхамбетова Ботагөз Жексенғалиқызы
Сабақтың тақырыбы: Алматы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның мәдени орталығы Алматы қаласы туралы мағлұмат беру, білімдерін жетілдіру;
Дамытушылық: Отанына деген мақтаныш сезімін туғызу, білімге құштарлығын арттыру, логикалық ойлауын, ауызекі сөйлеуін дамыту;
Тәрбиелік: Адамгершілікке отансүйгіштікке, білімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі : іскерлік пен дағдыны дамыту сабағы
Сабақтың әдісі. Топтастыру, Бір айналым сөйлеу , і INSERT, сұрақ-жауап, ойын т. б.
Сабақтың көрнекілігі: бейнетаспа, суреттер, интерактивты тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
А) сыныпты ретке келтіру;
ә) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
- Балалар, өткен сабақта үйге қандай тапсырма берілді?
- Ал, кім дайындалып келді? (4-5 оқушыдан сабақ сұраймын)
- Жарайсыңдар, балалар! Енді осы білетіндерімізді жазып жіберелік
ІІІ. Оқушылардың қызығушылығын ояту.
- Балалар, бүгін біздер Білім еліне саяхат жасамақпыз. Бізге Білгішбек бағыт көрсетіп, саяхатымыздың қызықты өтуіне көмектеседі.
- Міне, өзі де келе жатыр.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Қалдарыңыз қалай? Менің алдыңғы сабақтағы жүктеген тапсырмама мұқият дайындалып келдіңіздер ме?
- Иә!
Балалар, Білгішбектің тапсырмасы қандай тапсырма еді? Мен ұмытып отырмын.
- Менің Қазақстаным тақырыбына шағын шығарма жазып келуге тапсырма берген болатын. (2-3 шығарма оқылады)
ІҮ. Мағына тану
- Өте жақсы, балалар! Енді саяхатымызды жалғастырайық. Картадан бүгін біз танысатын қалаға бағыт көрсетемін. Бұл қай қала?
- Алматы қаласы!
- Ал, осы Алматы қаласы туралы не білеміз? (әңгімелеу)
- Енді, бейне сюжетке назар аударайық!
Сұрақтар: Қаланы неге Республикамыздың мәдени орталығы дейді екен?
Қалада қандай мәдени орталықтар бар екен?
2. Оқулықпен жұмыс
А) Мәтінді оқып беремін
Ә)Оқушылардың түсініп оқуы.
Балалар, даңғыл дегеніміз не екен?
- Алматы туралы білетінімізді сызбаға түсірелік:
Ү. Сергіту сәті.
Аяқпенен топ, топ, топ
Алақанды соқ, соқ, соқ
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел мұнда
Қолымызды бір сілтеп,
Басымызды шайқайық
Бір оңға, бір солға,
Айналайық кел мұнда
Секіреміз жоғары,
Қиын емес секіру
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел мұнда.
ҮІ. Дәптермен жұмыс.
ҮІІ. Қорытындылау.
• Алматы Қазақстанның қандай қаласы?
• Ол қайда орналасқан?
• Алматыны неге мәдени орталық деп атайды?
INSERT әдісі
Білгенім
Үйренгенім
Үйренгім келеді
Бір айналым сөйлеу Алматы
Бағалау