Ана тілім - бал тілім

Скачать

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутин ауылы, Ақбота балабақшасының тәрбиешісі
Жанабаева Шынар Киикбаевна

Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Ана тілім – бал тілім!
Мақсаты: Туған елі, Отаны, Қазақстан Республикасының Рәміздері, ана тілі туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын байытып, тіл мәдениетін жетілдіру. Туған тіліне, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанымыздың патриоты болуға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері: әңгімелесу, көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктер: Слайд тақтасы, шармен және жалаушалармен безендірілген бөлме.

Оқу іс - әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
Ән ырғағымен балалар топқа кіріп дөңгеленіп тұрады.

Шаттық шеңбері:
Сәлем, сәлем, Алтын Күн!
Сәлем, сәлем, Жер - Ана!
Сәлем, сәлем, Көк аспан,
Сәлем, менің достарым!
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым бос.
- Балалар, қане, бәріміз бір - бірімізге жақсы тілектер тілейікші.
Еліміз аман болсын, аспанымыз ашық болсын, соғыс болмасын, анамыз бен әкеміз аман болсын, балабақшамыз көркейе берсін, т. б.
- Жарайсыңдар, орындарымызға жайғаса қояйық.

Ұйымдастырушылық – ізденістік
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі неше айдан тұрады және қандай айлардан?
- Біз қай елде тұрамыз? Отан дегеніміз не?
- Балалар, Отан туралы тақпақтар айтайықшы, кәне кім айтады?
- Жарайсыңдар!
- Балалар, біз Қ. Р - ның рәміздерін білесіңдер ме?
- Кәне, кім айтады?
- Өте дұрыс. Ендеше орнымыздан тұрып қолымызды жүрек тұсына қойып ән ұранды айтайық.
- Жақсы, отыра қойыңдар.


Скачать


zharar.kz