Сызықтық алгоритмдерді программалау, есептер шығару
Ашық сабақ 7 сынып
Сілтеме: Жоспар
Жалпы мақсаты:
▪ Меншіктеу, енгізу, шығару операторының жазылуын есеп шығаруда пайдалану
▪ есте сақтау, ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту
▪ операторлардың атауын сауатты жазуға, бағдарламаны құруда дұрыс пайдалануға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Сызықтық алгоритмдерді программалау бойынша есептер шығару үйрену.
I. Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
Ұйымдастыру (1 минут)
1. 1. Сәлемдесу
1. 2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1. 3. Түгелдеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)
Қайталау сұрақтары:
1. Айнымалы дегеніміз не?
2. Паскаль программалау тілінде айнымалыны сипаттау операторы
3. Тип ұғымын қалай түсінеміз?
4. Енгізу операторын ата
5. Шығару операторын ата
6. Меншіктеу операторында айнымалылар қалай жазылады?
7. Программалау тілінде меншіктеу операторының мәні қандай?
ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)
1. Айнымалылар сипатталатын бөлім
2. Программа алг қызметші сөзінен басталады
3. real, integer - бұлар айнымалы типтері
Топ мүшелерінің өзін – өзі бағалау парағы
ІV. Кері байланыс ( Ия , Жоқ диктанты) (3 минут)
1. Үй тапсырмасы: Лото ойыны
Айнымалы дегеніміз не? ( Айнымалы деп программаның орындалу барысында әртүрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады.)
Тип ұғымын қалай түсінеміз?
(Айнымалылардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама)
Паскаль программалау тілінде айнымалыны сипаттау операторы (Var)
Енгізу операторын ата. (Read, Readln)
Шығару операторын ата. (Write, Writeln)
Программалау тілінде меншіктеу операторының мәні қандай? (Меншіктеу операторы айнымалыға белгілі бір мәнді меншіктеу үшін қолданылады)
Есеп: Үш санның арифметикалық ортасын табатын программа құру.
Program esep;
Var a, b, c, d: real;
Begin
readln(a, b, c);
d:=(a+b+c) 3;
Writeln (‘d=‘, d);
End.
2. Жаңа сабақ
3. “Иә”, “Жоқ” диктанты
Айнымалылар сипатталатын бөлім Var бөлімі
Егер программа бірнеше операторлардан тұрса, онда ол қос нүктемен ажыратылады
Программаның басы мен соңын begin және end кілт сөздерімен белгіленеді.
Графиктік түрде ұсыну программа делінеді
Операторлар бөлімі integer қызметші сөзінен басталады
Кез - келген санның квадраты sqr
Программа алг қызметші сөзінен басталады
Бүтін сандарды қабылдайтын тип integer
Енгізу, шығару операторларында жазылатын айнымалылар () ішіне жазылады
Нәтижені шығаратын оператор program
х(көбейту) Паскаль тілінде *(жұлдызша) болып жазылады
Айнымалыларды сипаттайтын оператор var
real, integer - бұлар айнымалы типтері:= – меншіктеу белгісі
Айнымалылардың нәтижесін шығаратын оператор read
Әрекеттердің тізбектей орындалуы сызықтық алгоритм
Программаның соңында жазылатын оператор var
Program қызметші сөзінен кейін программа атауы жазылады
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
№21 жалпы білім беру орта мектебі
информатика пәні мұғалімі
Гулбану Амирбекова Сайыновна