Қарабау орта мектебінің химия пәні Қабиден Құндыз
Химия 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сабын және синтетикалық жуғыш заттар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сабын, СЖЗ туралы білімді қалыптастыру
Оқу нәтижелері: сабын, СЖЗ құрылысы, қасиеттері, химиялық қасиеттері, алыну әдістері туралы білімдері қалыптасады
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: аралас, СТО.
Көрнекілігі: Слайд, бейне тәжірибе, суреттер
Мұғалімнің іс - әрекеті
оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
• 1. Күрделі эфирлердің физикалық қасиеттерін атаңыз. (тән иісі бар, суда іс жүзінде ерімейтін сұйықтықтар)
• 2. Сұйық майлар табиғатта қайда кездеседі? (өсімдіктерде)
• 3. Қатты майлар қайда кездеседі? (жануарларда)
• 4. Күрделі эфир түзілу реакциясы қалай аталады? (этерификация)
• 5. Этерификация реакциясында тепе - теңдік күрделі эфир түзілу бағытына қарай ығыстыру үшін не істеу қажет? (қышқыл қосу керек)
• 6. Күрделі эфирлер қайда қолданылады? (еріткіш, ароматизатор, парфюмерия)
• 7. Неге сабын алу реакциясы сабын қайнату деп аталады және майды неден қайнатады? (май мен сілті қатысында жүретін ұзақ процесс)
• 8. Синтетикалық жуғыш заттар мен сабынның айырмашылығы.(кермек суда ерігіштігі әртүрлі)
9. Сабын алу реакциясы (май + NaOH → глицерин + сабын)
10. Күрделі эфирлер дегеніміз?
Негізгі бөлім
Мұғалім тақырып бойынша мағлұмат береді
Сабын — жоғары карбон қышқылдарының тұздары RCOOMe. Сабынның құрамына пальмитин С₁₅Н₃₁СООН және стеарин С₁₇Н₃₅СООН қышқылдарының тұздары (негізінен, натрий мен калий тұздары) кіреді және оның суда ерігіштігі құрамындағы металл катионына байланысты болады.
1. Сабын алу. май + NaOH → глицерин + сабын
Сабын жасағанда жоғары май қышқылы тұзынан (RCOOMe) басқа оған — хош иісті заттар, бояулар, антисептиктер және т. б. заттар қосады.
2. Соңғы кезде майды үнемдеу мақсатында сабын алу үшін мұнай өнімдері құрамындағы көмірсутектерден карбон қышқылын алады: 2С₃₆Н₇₄ + 5O₂ → 4С₁₇Н₃₅СООН + 2Н₂O
Бекіту бөлімі Венн диаграммасы: Синтетикалық жуғыш заттар мен сабын.
Қосымша материал: Сабынды үйде жасап үйренейік
Сонғы кездері танымал болып келе жатқан сабынды қолдан жасау – көп ғасырлардан бері белгілі кәсіп. Бұрынғы кезде сабынды қолдан қажеттілік үшін ғана жасаған болса, қазір бұл адамдарға қуаныш әкелетін өнерге айналған.
Қолдан жасалған сабынның артықшылықтары:
• бұл экологиялық таза өнім. Оның негізі – табиғи балаларға арналған сабын, глицерин, эфир майы, шөптер.
• тазартудан бөлек ол косметикалық тұрғыдан да әсер етеді. Ал бұл әр адам үшін өте маңызды.
• қолдан жасалған сабынның сыртқы пішіні де тартымды. Оның әр шығарылымы өздігінен қызықты әрі ерекше.
• сабынды қолдан жасау барысында әркімнің қалауы мен қажеттіліктері ескеріледі. Құрамы, түсі, көлемі, пішіні - барлығы да арнайы жасалына алады.
• қолдан жасалған сабын жас балаларға да, жасы үлкендерге де ерекше сыйлық бола алады.
Сабын жасау үшін не қажет?
- Үккіш.
- Ыдыс.
- Екі кастрөл (үлкен және кішкентай).
- Дүкенде сатылатын арнайы сабынды негіз (орнына бояу мен қоспасыз балалар сабыны жарайды)
- Сабынды массаны езуге таза су немесе шөп қайнатпасы.
- Негізгі май (бадам майы, өрік, шабдалы, кокос және зәйтүн майы тб.)
- Эфир майлары. Бұл міндетті компонент емес, оның ұнаған түрін өз қалауыңызға қарай таңдаңыз.
- Сабынға арналған қалыптар. Міндетті түрде арнайы қалып сатып алудың қажеті жоқ – кез келген пластмасса, шыны не саздан жасалған ыдыс та жарай береді.
- Сонымен қатар, сізге сабынға арналған әр түрлі табиғи қоспалар қажет болады. Бұл өзіңізге ұнаған өсімдік пен шөп болуы мүмкін.
Оларды жасайтын сабыныңыздың косметикалық сипатына қарай таңдайсыз.
Жасау жолы:
1. Сабынды майда үккіштен өткізіңіз. Көптеген сабын жасаушылар сабынды алдын ала күннің астына немесе ыстық батарея үстіне қойып алуды жөн көреді
2. Майлардан 1 қасықтан (егер май біреу болса, 2 - 3 қасық) алыңыз. Барлығын араластырыңыз. Ыдысты буға қойыңыз. Сабынды салыңыз.
3. Сабын сұйық қамырға ұқсай бастағанда, бірнеше тамшы эфир майларын құйыңыз. Эфир майының әр тамшысынан кейін жақсылап араластырыңыз.
4. Сабынды формаларға құйып шығыңыз. Суыған кезде мұздатқышқа қойыңыз.
5. Кептіріңіз
Қолдан сабын дайындау бизнесінің идеясы өте қарапайым және де бастаушы кәсіпкерге сай.
Шығындарға сабынды дайындау үшін қажетті қоспаларды сатып алу кіреді. 8 - 10 бөлік сабын жасауға орташа есеппен, 3000 - 5000 тенге кетеді
Өнімнің құнын анықтаңыз. Мысалы, өнім құрамында табиғи заттардың болуын, қолдан жасалғанын ескере отырып, бір сабынның құны 700 теңге немесе оданда жоғары болуы мүмкін. Өзіндік құны бірнеше есе арзан болғандықтан қолдан жасалған сабынды дайындау бизнесінің кірісі мол болатыны айқын.