Жамбыл облысы

Скачать

Қазақ әдебиеті пәні бойынша орыс мектебіндегі 8 сынып оқушыларына арналған.
1. Қыз Жібек жыры:
А) батырлар жыры; В) лиро - эпостық жыр; С) аңыз әңгіме; Д) новелла; Е) поэма
2. Лиро - эпостық жырларының кейіпкерлері:
А) алыптар; В) батырлар; С) қарапайым адамдар; Д) тылсым күш иелері; Е) ғайыптан пайда болған адамдар
3. Абайдың Лермонтовтан аударған өлеңі:
А) Қысқы жол ; В) Есек пен Бұлбұл ; С) Татьяна хаты ; Д) Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Е) Қараңғы түнде тау қалғып
4. Көзі тірісінде Гомер атанған ақын кім?
А) Ілияс; В) Мағжан; С) Жамбыл; Д) Шәкәрім; Е) Абай
5. Қыз Жібек жырындағы Төлегеннің әкесі:
А) Қарабай; В) Сарыбай; С) Базарбай; Д) Сырлыбай; Е) Қаршыға
6. Шығарманың құрылымы:
А) пролог; В) эпилог; С) сюжет; Д) экспозиция; Е) композиция
7. Реализм дегеніміз:
А) өнер түрі; В) әдеби бағыт; С) діни бағыт; Д) өмір шындығы; С) қиялдан туған шығарма
8. Абайдың өмір сүрген жылдары:
А) 1845 - 1906; В) 1854 - 1905; С) 1846 - 1803; Д) 1845 - 1904; Е) 1846 - 1904
9. Жамбылдың Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазған өлеңі:
А) Зілді бұйрық ; В) Өтеген батыр ; С) Туған елім ; Д) Патша әмірі тарылды
Е) Ленинградтық өренім
10. М. Жұмабаев дүниеге келген көлдің атауы:
А) Сасықкөл; В) Сабындыкөл; С) Ыстықкөл; Д) Марқакөл; Е) Алакөл
11. С. Сейфуллиннің тұңғыш өлеңдер жинағы:
А) Дала ; В) Өткен күндер ; С) Көкшетау ; Д) Кел, жігіттер ; Е) Аққудың айырылуы
12. Ғ. Мүсіреповтің туған жері:
А) Абай ауданы; В) Жамбыл ауданы; С) Мерке ауданы; Д) Іле ауданы; Е) Марқакөл ауданы
13. Жамбыл Жабаевтың туған жері:
А) Алматы облысы; В) Жамбыл облысы; С) Қарағанды облысы; Д) Ақтөбе облысы; Е) Павлодар облысы
14. Лиро - эпостық жырлардың басты тақырыбы:
А) отанын жаулардан қорғау; В) махаббат; С) еңбек ету; Д) табиғатты қорғау; Е) батырлардың ерлігін
мадақтау;
15. М. Әуезовті әлемге танытқан еңбегі:
А) Еңлік - Кебек ; В) Абай жолы ; С) Қараш - Қараш оқиғасы; Д) Көксерек ; Е) Түнгі сарын
16. Мен ескіше жыл басы деп есептелетін Наурыз күні киіз үйде туыппын.... ,- деп қай қаламгер айтып
еді?
А) М. Әуезов; В) Ғ. Мүсірепов; С) Қ. Мырза Әлі; Д) О. Сүлейменов; Е) М. Мақатаев
17. Сен - дағы жерден нәр алдың,
Мен дағы жерден нәр алдым , - деген жолдар қай өлеңнен алынған?
А) Өмір сүрейік алмасып ; В) Қыз қуу ; С) Арғымақ ; Д) Сүйемін ; Е) Шолпан ;
18. Өмір сүрейік алмасып өлеңінің авторы:
А) М. Жұмабаев; В) Қ. Мырза Әлі; С) М. Мақатаев; Д) О. Сүлейменов; Е) С. Сейфуллин
19. Ана алдында басын иген әмірші:
А) Баязит, В) Ескендір; С) Ақсақ Темір; Д) Бейбарыс; Е) Абылай
20. Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болу арманы болған ақын:
А) М. Мақатаев; В) О. Сүлейменов; С) С. Торайғыров; Д) М. Жұмабаев; Е) С. Сейфуллин
21. Қазақтарды әлемге таныстырған ақын:
А) М. Мақатаев; В) О. Сүлейменов; С) Қ. Мырза Әлі; Д) М. Жұмабаев; Е) С. Сейфуллин
22. Арғымақ өлеңінің авторы:
А) Қ. Мырза Әлі, В) О. Сүлейменов; С) М. Жұмабаев; Д) С. Сейфуллин; Е) М. Мақатаев
23. Абай білім алған қала:
А) Ташкент; В) Қызылжар; С) Семей; Д) Алматы; Е) Омбы
24. Қазақ әдебиеті -
А) шежіре; В) өнегелі сөз; С) жазушылар шығармалары; Д) рухани, мәдени мұра
Е) материальдық мұра
25. М. Жұмабаевтың алғашқы өлеңдер жинағы:
А) Батыр Баян ; В) Шолпан ; С) Қайың ; Д) Сүйемін ; Е) Қарағым

Тестілеудің жауаптары
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
В С Е С С Е Д Д Е А В В В В В В А С С С С В С Д В

Солтүстік Қазақстан облысы,
Қызылжар ауданы, Рассвет орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Бримова Самал Аманбайқызы

8 сыныпқа арналған тест (қазақ тілі мен әдебиеті). жүктеу


Скачать


zharar.kz