Математика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қатынастар
Мақсаты мен міндеті:
- оқушыларға тақырыпты жан - жақты меңгерту, қосымша мағлұмат беру;
- шамалардың олардың бөліндісі бойынша салыстырған жағдайда бөлінді сөзінің орнына қатынас терминін қолданатынын қалыптастыру;
- Адамгершілікке, жауапкершілікке, көмектесуге тәрбиелеу.
Нәтижесі: тақырыпты меңгертіп, тәсілдерді пайдалана отырып, қатынасты табуға арналған есептер шығаруға дағдыланады.
Түйінді идея: білмегенді меңгеру, ерлікпен тең.
Екі санның қатынасы бір санның екінші саннан неше есе үлкен екенін немесе бір сан екінші санның қандай бөлігінен тең екенін көрсетеді.
а: в немесе а в
Қатынастың екі мүшесін де нөлден өзге бірдей санға көбейтсек немесе бөлсек, берілген қатынасқа тең қатынас шығады.
Бөлшек сандардың қатынасын натурал сандардың қатынасы түрінде жазуға болады.
Ол үшін:
1) Бөлшек сандардың бөлімдерінің ЕКОЕ табу керек;
2) Қатынастың алдыңғы және соңғы мүшелерін олардың бөлімдерінің табылған ЕКОЕ көбейту керек.
Қатынастар жүктеу