Қайырлы күн құрбым

Скачать

Павлодар қаласы,
№ 26 жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Абылхаирова Ғалима Темірболатқызы

Қазақ тілі 6 ынып
Тақырыбы: Туған жерім
Оқыту мақсаты: Жаңа сөздердi, мәтiннiң мазмұнын меңгерту, сөйлем құруға үйрету, сауатты жазуға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже: Алған білімдерін қорытындылап жүйелеу. Топтағы жұмыс арқылы топтағы қарым - қатынасты көрсету.
Оқушы:
А. Мен тақырып бойынша жаңа сөздердің мағынасын ажыратып, сөз тіркестерін құрастыра аламын, шағын тапсырмаларды орындай аламын.
В. Жұппен, топпен жұмыс жасау барысында шағын диалогқа шыға аламын, орташа көлеміндегі әңгіме құрай аламын.
С. Тақырып бойынша әңгіме құрастыра аламын.

Мұғалімнің әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасады.
2. Психологиялық дайындық
Тренинг: Қайырлы таң достым!
Қайырлы күн құрбым!
Бейсенбінің сәті
Сәттілікке толсын!
Бүгінгі алған бағаң
Кілең бестік болсын!

• Білу
Кіріспе бөлімі.
Қызығушылықты ояту.
Жаңа тақырыпқа шығу
- Ребуста қандай сөздер шықты екен? Қане, кезекпен оқып шығыңдар.
- Сондықтан бүгін сабақтың тақырыбы қандай, қалай ойлайсыңдар?
- Мақсатымыз қандай болады?

• Түсіну
Мағынаны тану
Жаңа сөздер:
туған жер - родная земля
жақын - близко
тудым - родился
шағын - маленький
ұнайды - нравится

• Қолдану
Мәтінді оқып, сұрақтар құрастырады. Мәтіннен алынған мәліметтерді постерге салу.
Туған жер
Туған жер адамға ең жақын болады. Мен Павлодар қаласында тудым. Сондықтан менің шағын отаным осы жерде. Туған қаламнан басқа жаққа кетсем, сағына бастаймын. Қаламның әрбір көшесі, әрбір тасы мен үшін өте ыстық. Туған жерімді мен өте қатты жақсы көремін.


Скачать


zharar.kz