Балабақшамен қоштасу мерекесіне арналған сценарий
Тақырыбы: Даярлыққа барамыз
Зал әдемі безендірілген
Кейіпкерлер: Буратино, Мальвина, Қызыл және Сары қарындаштар
Жүр: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда
Жол табар қараңғыда адасқанда
Мал озбас біле білсең, білім озар
Ақыры керек болар бір сасқанда – деп ақындарымыз айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толып, оңы мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген бүлдіршіндеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған Даярлыққа барамыз мерекесін бастау ашық деп жариялаймыз.
Жүрг: Толқимыз толқып тұрсыз баршаңызда
Мұндай күй болған сірә қашсаңызда
Қол қошеметпен шақырайық
Балдырған бүлдіршін түлектерді.
Даярлық тобына аттанғалы отырған балаларымыз (балалардың аттарын атап шығады) Ал енді түлектерімізді қарсы алайық.
Жалпы би: Вальс
Жүрг: Даярлығымыз шақырады бізді алдан
Алдымызда әлі талай сан арман
Қоштассақ та балабақшам сенімен
Санамызда өзің берген өнегең – деп қоштасқалы тұрған түлектеріміздің лебіздерін тыңдайық:
Фариза: Ботақаным бөбек деп
Еркелеткен ұл - қызын.
Анамызды ерекше
Қуантатын күн бүгін
Өсті міне бойымыз
Өсті міне ойымыз
Қуанышыңа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
Айзере: Балабақшам сүйікті
Тақылдатып сөйлетті
Шынықтырып денемді
Шымыр бол деп үйретті
Жамандықтан жирентіп
Жақсылыққа үйретті.
Алихан: Менің туған ауылымда
Орналасқан бақшамыз
Сұрасаң аты Дәншік
Әсем бақша көрікті
Білім беріп мәпелейді
Өрлетер өмір шыңына
Еркін өсер әр бала
Біздің балабақшада.
Қымбат: Сезімі толған баламыз
Оянды ақыл санамыз
Адамдықтың бастауын
Өзіңмен алып барамыз
Қош балалар, бал қылық
Түстік білім жолына
Орнымызды қалдырып
Сәбилердің тобына.
Ән Қош бол, балабақша
Жүрг: Енді Айгөлек тобының көрінісін тамашалаңыздар.
( Балдырған әнімен қолдарына шарларын ұстап, 5 баладан залға жүгіріп кіріп 3 қатарға тұрып билейді, соңында шарларды жібереді).
Даярлыққа барамыз. жүктеу