Халықтың мұрасы – физика сабағында
Қазақстан Республикасындағы білім беру саласындағы басты міндеттерінің бірі ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, шәкірттерге терең білім мен тәрбие бере отырып, құзыретті жеке тұлға тәрбиелеу. Ұрпағын ойламайтын ел болмайды. Онсыз өсіп өнуі, өркендеу, ілгері жүру жоқ. Халықтың оқу тәрбиелігі негізгі мақсатты жалпы адамды, ең алдымен баланы сұлулық дүниесінен таныстыра отырып тәрбиелеу. Бұл оқушыларды ұлтжандылыққа, халқын қастерлеуге, оған адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Білім мен тәрбиенің қайнар көзі - халықтық педагогика.
Халық педагогикасының негізгі мақсаты – өзінің бай тарихи тәжірибесіне сүйене отырып келер ұрпақты еңбекке, Отанын сүюге, ар - намысын қорғауға, ізгі жауапкершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Қазақ халқы өзінің бүгінгі күнін бағалайтын, өткен өмірге көз салу, тарихи тәжірибеден сабақ алу, мәдени дәстүрін, өмір салтын зерттеу, оларды ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу мәселесімен ұстаздар қауымы тікелей айналысуы керек деп ойлаймын. Халықтық педагогикамен халықтық психология тағылымдары пайдалану, физика пәнінің әр тарауында оқушының пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттырып жақсы меңгеруге көмектеседі. Олардың өз пікірін, ойын ашық айтуға үйретеді.
Халықтық педагогиканың тағылымдары физика сабағында қолдану - оның білімдік және тәрбиелік маңыздылығын жүзеге асырады. Сонымен қатар халықтың сат - дәстүрлерін қастерлеп, оқушыларды ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуге көмектеседі.
Мысалы: ата - бабаларымыздан келе жатқан киіз үйді алатын болсақ, жылу өткізгіштік тақырыбын өту кезінде алуға болады. Себебі: жүн, киіз, түбіт, аң терілері арасындағы ауа қабаттары болғандықтан жылуды нашар өткізеді. Ал жылуды нашар өткізетін заттар жылуды сақтап отырады.