Тірі табиғат, өлі табиғат - Тірі табиғатты атайықшы

Скачать

1 сынып еңбек сабағынан ашық сабағы
Тақырыбы: Табиғи материалдан құрамақ жасау
Мақсаты:
1. Табиғи материалдан әр түрлі бейне, бұйымдар жасауға болатынын үйрету. Күз мезгіліндегі өзгерістер, қоян туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың табиғатқа ұқсату қабілеттерін байқау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шығармашылыққа баулу.
3. Жұмыс орындарын таза ұстауға, табиғи заттарды үнемдеуге, әдемілеп таза жапсыруға, икемділікке, ептілікке машықтандыру.
Көрнекілігі: жапырақ суреті, қоян бейнесі
Құрал – жабдық: теледидар, видео, қатты картон, желім, қарындаштар
Пәнаралық байланыс: математика, қоршаған дүние, әліппе

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі: сабаққа дайындау.
ІІ негізгі бөлім:
Кіріспе:
- Оқушылар қазір қай мезгіл?
- Күз
- Күзде қандай өзгерістер болады?
- Күн салқындайды, адамдар жылы киінеді. Егін, жеміс - жидектер піседі, жапырақтар сарғайып жерге түседі т. б
- Дұрыс. Жақсы біз өткен сабақтан, дайындық сыныбынан - ақ білеміз. Табиғат нешеге бөлінеді?
- 2- ге
Тірі табиғат, өлі табиғат
- Тірі табиғатты атайықшы?
- адам, жан - жануар, өсімдік (олар өседі, өнеді, тіршілік етеді)
- Өлі табиғатқа нелер жатады?
- Тау, тас, парта, тақта т. б
- Яғни бізді қоршаған заттар және адам қолымен жасалған заттар жатады.
- Оқушылар біз күз, табиғат туралы жақсы біледі екенбіз. Күзде адамдар қызу еңбек етеді. Жаз бойы баптап өсірген жеміс - жидектері өсіп, өнеді. Оларды жинайды, пайдаға асырады. Қысқа дайындалады.
- Ал біздің еңбегіміз не?
- Оқу оқу, білім алу.
Еңбек туралы мақал - мәтел айту.
Теледидарға назар аударайық
Мультфильм көру.
Мультфильм кейіпкерлерін атау.
Қоян, қасқыр
- Басты кейіпкер?
Қоян
Ой қозғау: Қоян
Олай болса біз бүгін осы қоянның көжегін жапырақтан бейнелейміз. Біз жаңа жапырақ тірі табиғат екенін, түсі жасыл, күзде сарғаятынын айттық. Ағаштар әр түрлі болады. Соған сай жапырақтары да әр түрлі болады. ( суреттерін көрсету)
Өткен сабақта жапырақты қалай кептіру туралы өткен болатынбыз. Енді сол жапырақтан көжек жасаймыз.
Топтық жұмыс:
І топ: Көздеріңе елестете отырып, өздерің қалаған заттың бейнесін жасайсыңдар
ІІ топ көжек жасау
Көжектің бөліктерін атау: - басы, денесі, құлағы, қолы, аяғы, құйрығы. 8 жапырақ алу. Санату
Көжектің 2 құлағы, 2 аяғы, 2 қолы тепе - тең, яғни симметриялы.
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
Практикалық жұмыс: (бірге көжек бейнесін жасау)
ІІ топпен жұмыс
1. Фон таңдау
2. Неше жапырақ керек екенін анықтау
3. Фон бетіне салып орналастырамыз, көжекке ұқсай ма?
Жапырақ орнын белгілеп аламыз
4. Әр бөлшекті өз орнына желімдейміз
5. Аппликацияны таза қағазбен жабамыз
6. Кепкенше бастырып қоямыз

ІІ. І топтың жұмысын тексеру.
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян.
Көрме ұйымдастыру:
Шығармашылық тапсырма:
Қоян ----------------------------------- жапырақ
Жүреді -------------------------------- жарық керек
Өседі ---------------------------------- өседі
Ауа керек ---------------------------- тірі табиғат
Көбейеді ----------------------------- ауа керек
Сәбіз жейді -------------------------- қурайды
Тірі табиғат
Жапырақтың пайдасы
Қорыту:
- Табиғаттың басты талабы не?
- Күз бейнесі есімізде қалай сақталады?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау


Скачать


zharar.kz