Фосфордың периодтық жүйедегі орны

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Фосфор. Фосфордың периодтық жүйедегі орны және қасиеттері . (презентациясымен)

Сабақтың мақсаты:
а) Фосфор атомының сипаттамасы Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі атом құрылысы тұрғысынан түсіндіру, оның кристалдық торы мен қасиеттері арасында өзара байланысты түсіндіру.
б) Оқушылардың шығармашылық қабілетінің шыңдалуына мүмкіндік беру және оны дамыту.
в) Оқушыларды бірлікке, жолдастыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ауызша, интерактивті оқыту әдісі.

Сабақтың көрнекілігі:
1. Интерактивті тақта
2. Д. И. Менделеев периодтық системасы
3. Оқулық.
4. Видео.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау.
1. Азот қышқылының физикалық қасиетін сипаттау.
2. Азот қышқылының химиялық қасиетін сипаттау.
3. Нитрат құрамына кіретін металдың кернеу қатарындағы орнына сәйкес айырылуы.
4. Азоттың табиғатта айналымы.

Жаңа сабақты оқып үйрену.
Фосфордың периодтық жүйедегі орны.
Атом құрылысы +15 ) ) )
2е 8е 5е
Электрондық формуласы:
1s2 2s2 2p6 3s2 3p3

Химиялық қасиеті.
4P+5O2 = 2P2O5
2P+3CL2 + 2PCL3
2P+3H2 + 2PH3
3Ca+2P + Ca3 P2

Қолданылуы: Қызыл фосфор сіріңке өндірісінде, пиротехникада және фосфор қышқылын алуға пайдаланады. Фосфор ауылшаруашылық зиянкестерімен күресу үшін қажет улы химикаттар алу үшін қолданылады.

Жаңа сабақты бекіту:
Сабақтың қорытындысы: Фосфорды адам және жануарлар, өсімдіктер арқылы қабылдайды. Фосфор қосылыстары тіршіліктегі барлық зат алмасу процестеріне қатысады. Академик А. Ферсман фосфор тіршілік көзі – ақыл ой элементі деп атап көрсеткен.

Үйге тапсырма: $18 Фосфор периодтық жүйедегі орны және қасиеттері (оқу)
Фосфордың биологиялық маңызы (эссе жазу)
Оқулықтан 5 – 6- тапсырма орындау.
Бағалау


Скачать


zharar.kz