Білім беру саласы Таным.
Тақырыбы: Қысқы табиғат
Бөлімдері: Экология
Мақсаты:
а) Ақпараттық - құзіреттілік Қыс мезгілі және оның ерекшелігі, қыстағы табиғат көріністері туралы білімдерін кеңейту
б) Коммуникативтік - құзіреттілік
Сурет бойынша әңгіме құрап, өз ойын толық жеткізе білуге жүйелі әңгімелеуге үйрету.
в) Проблеманы шешу құзіреттілігі Серуен кезіндегі көріп келген табиғатты қағаз бетіне бейнелеп табиғатқа деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі Қыс суреттері, қар, мұз
Әдісі түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, сурет бойынша әңгімелеу.
Билингвалдық компоненті: Қысқы табиғат – зимняя природа.
Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиеші әрекеті
Шаттық шеңбері.
Қуан шаттан алақай
Қуанатын күн келді
Күліп шықты күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы күн
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Балалар қысқы ауа райының белгілерін білеміз бе?
- Ендеше боран соққанды қимылмен қалай көрсетеміз?
- Үскірік аяз болып тоңғанда не істейді?
- Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
Балалар мен сіздерге бір ертегі айтайын.
Қарлы ханым.
Суық боран ертегіге апаратын барлық жолды қармен жауып тастапты. Бұл Қарлы ханымның иелігі. Ол өзінің мұзбен көмкерілген сарайын шақырылмаған қонақтардан қорғап жүреді. Ертегіге кіре беріс есіктер де мұзбен құрсауланған. Бізде осал емеспіз. Қарлы ханымның бізге деп дайындаған кез - келген тапсырмасын орындай аламыз.
Енді балалар орталықтарға отырайық.
І орталық – Қатынас.
(Белгісі: Шана суреті)
Ш. Ахметов.
Аяз қысып, өрнек сызып
Терезеңді торлайды
Қарға омбығып, бет домбығып
Сырғанап жастар ойнайды.
Кейде ұлып, кейде ысқырып
Ұйтқып боран соғады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Енді балалар қыс мезгілі бейнеленген суретке қарап әңгіме құрастырайық.
Сырғанақ тақпағы.
Біз тебеміз сырғанақ
Таудан төмен сырғанап
Бір шанада екеуміз
Құламайды екенбіз.
Қоңырау соғылып, балалар ортада сергіту сәтін орындайды.
Ішік, пима, қолғаптар
Арада жоқ тоңғақтар
Баста қалың малақай
Біз тоңбаймыз алақай
Қоңырау соғылып балалар орталықтарға ауысып отырады.
ІІ орталық - Ғылыми зерттеу орталығы.
(Белгісі қар суреті.)
Жұмбақ.
Аппақ бірақ сүт емес
Аппақ бірақ бор емес
Аспаннан ол түседі
Даланы ақ көрпемен жабады.
- Қар жылдың қай мезгілінде жауады?
- Қар қалай жауады?
Балаларға қарды ұстатып көрсету.
- Қар қандай?
- Егер қарды бөлмеге әкелсек ол не істейді?
Қардың бөлмеде ерігенін көрсетіп, оның себебін сұрау.
- Егер ол суды сыртқа апарсақ не болады?
- Егер жолға ол суды төксек қатқан соң не болады?
- Сендер сырғанақты немен ойнайсыңдар?
Балалар қыста серуенге шыққанда кей күндері қардан аққала соғу оңайға түспейді, себебі аязды күні қар бірікпейді. Қар сықыр - сықыр етеді. Жылы күндері қар жұмсақ, дымқыл болады.
Бөлмеге әкелген қар мен мұздың сыртқы өзгерісіне назар аударып, қар әуелі қарайып мүжіледі де бірте - бірте суға айналады. Осындай бақылаулардан кейін қар қайда кетті, ол неге ериді деген сұрақтарды қою.
Қоңырау соғылып балалар ортаға шығады.
Есік қағылып, топқа аққала келеді.
Балалар бізге қонаққа аққала қонаққа келіпті.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Мен сендермен бірге ойнайын деп келдім. Дала өте суық екен. Біз тоңып барамыз. Денемізді қыздырып жаттығу жасайық.(Аққаламен қосылып, сергіту жаттығуын жасату.)
Қыздырайық денені,
Кел балалар, кел бері
Қыздырайық денені
Орнымызда тұрып ап
Жүгірейік бір уақ
1, 2, 3.
Екпіндей түс
Аяқты алға созайық
Тік көтеріп алайық.
Аққала: Рахмет балалар, мен
сендермен ойнап денем жылынып қалды.
(Аққаланы отырғышқа отырғызу.)
Қоңырау соғылып, балалар орталықтарға ауысып отырады.
3 орталық: Белгісі Аяз ата суреті.
Розаның тапсырмасы:
- Балалар неліктен қар әртүрлі жауады?
Себебі ауа - райына байланысты. Желсіз аязды күні қар жапалақтап жауады. Ашық күні кішкентай түйіршік болып жауады.
Енді қазір жапалақтап жауған қар бейнесін ақ қағаз бетіне салайық.
Қоңырау соғылып, балалар ортаға шығады.
Қимылдық ойын: Аққоян .
Қоян отыр далада
Құлақтарын қозғалтып
Міне былай, міне былай
Құлақтарын қозғалтып.
Отыру қиын қоянға
Сыз өтеді табаннан
Міне былай, міне былай
Жылытайық аяқты.
Тұру қиын қоянға
Секіру керек қоянға
Міне былай, міне былай
Секіру керек қоянға.
Қорытынды.
Балалар әр орталықта не туралы білгенін сұрау.
1. Қыс мезгілінің ерекшелігі.
2. Қардың мұздың қасиетін.
3. Қысқы табиғаттың суретін салу.