Орта ғасыр Қазақстан тарихы 7 сынып
Тақырыбы: Әбілхайыр хандығы
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды өз ойын толық жеткізуге, өздерін әрі қарай ізденуге үйрету.
Оқушыларды өзін - өзі, бірін бірі бағалау дағдыларын қалыптастыру.
Оқушыларда топтық жұмыс дағдыларын дамыту
Оқушыларды достыққа, сыйластыққа үйрету.
Оқудағы күтілетін нәтижелер
Қазақ хандығының қалыптасуындағы Әбілхайыр хандығының рөлін түсіну.
Жер су атауларымен танысып, Әбілхайыр хандығының алып жатқан аумағын белгілеу.
Топпен жұмыс дағдылары дамиды
Орта ғасырлық мемлекеттерді салыстыра отырып барлығына тән қасиеттерін айқындау.
Мұғалімнің іс - әрекеті
1 Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау
2 Топқа бөлу
Оқушылардың топқа теңдей бөлінуін қадағалайды
3 Үй тапсырмасын сұрау
"Миға шабуыл" әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау, әр дұрыс жауапқа бір балл.
4 Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тарихи картада Әбілхайыр хандығының шекараларын көрсетіп, оның құрылу тарихын түсіндіру.
5 "Сандар сөйлейді" тапсырма
Тақтаға сандар жазып, оқушылардан бұл сандар қандай оқиғалармен байланысты екенін білдіретінін сұрайды.(1428 - 1468, 1446, 1450, 1457, 1468)
6 Сергіту сәті
Қара жорға биін қояды
7 Сабақты қорытындылау және рефлексия
- Әбілхайыр билікке қалай келді?
- Әбілхайыр хандығының аумағы.
- Хандықтың астанасы.......
- "Көшпелі өзбектер хандығы" нені білдіреді?
- Жәнібек пен Керейдің Әбілхайыр хандығына қандай қатысы бар?
- Әбілхайыр қанша уақыт билік құрды?
8 Үйге тапсырма
Тақырыпты толық меңгеріп қысқы әңгіме құрастырып келу