Сайыс сабақтың тақырыбы: Жүзден жүйрік
Мақсаты: 1. Оқушылардың оқу материалын жинақтап бекіту, санасына тез ұғындыру, ойлау қабілетін дамытумен қатар тарихи терминдерді есте қалдыру.
2. Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра отырып, көпшілік алдында еркін сөйлеуге дағдыландыру
3. Отанын сүюге, тарихты құрметтеп, ардақтауға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
І. Кіріспе
Жүргізуші:
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озып,
Құрметке ие болсын.- деген өлең жолдарымен ашу.
Сайысқа қатысушылармен таныстыру
6 а сынып
6 ә сынып
6 б сынып
Жүргізуші:
- Қара қылды қақ жарып әділқазым,
Еңбегін дарындардың әділ сына. Әділқазы мүшелерімен таныстыру
Сайыс шарттарымен таныстыру:
1. Топтардың таныстыруы
2. Сиқырлы сөз Тақтаға кез - келген әріп жапсырылады. Сол әріптен келетін тарихи терминдер айтады.
3. Өткел деңгейлік тапсырмалар.
4. Қанатты сөз Криптограмма
5. Шарықтау жанкүйерлер сайысы
6. Арнайы репортаж Топтар бір - бірінен тарихи оқиға, аңыздарды айтып беру сұрағын қояды.
7. Сәйкесін тап Сәйкестендіру тесті.
8. Шарықтау жанкүйерлер сайысы
ІІ. Негізгі бөлім
1. Топтардың таныстыруы. Эмблемаларын қорғау
2. Сиқырлы сөз А. Б. С. П. К. М. Т әріптерін таңдау.
3. Өткел
20 балдық сұрақ: Неандертальдық баланың сүйегі қай жылы, қай жерден табылды? Ж: 1938 ж. Өзбекстанда Тесіктас үңгірі
20 балдық сұрақ: Сақ қоғамы кімдерден тұрды? Ж: жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер.
30 балдық сұрақ: Сақ қолбасшысы Спитамен кімдерге қарсы соғысты? Ж: Александр Македонский
30 балдық сұрақ: Египетте жаулап алу соғыстарын кең көлемде жүргізген кім? Ж: ІІІ Тутмос
40 балдық сұрақ: Неолит дәуірінде Жезқазған өңірінен 150 – ге жуық тұрақ пен жерлеу орындары табылды. Жерлеу орындары ненің куәсі? Ж: өзіндік дүниетанымы, о дүниеге деген сенімі болғандығын.
40 балдық сұрақ: Ежелгі Қытай данышпаны Конфуций қай жылдары өмір сүрді? Ж: б. з. д. 551 - б. з. д 479 жж.
50 балдық сұрақ: Бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі... деп кім; кім туралы айтты?
50 балдық сұрақ: Дүние екі нәрседен – жақсылық пен жамандықтан тұрады. Өмірде осы екеуі қатар әрекет етеді. Адам жақсылықтың көбейе түсуіне, жамандықтың жеңілуіне көмектесуі керек , деп уағыздаған кім? Ж: Кушандық Мани.
4. Сиқырлы сөз Криптограмма.