Өмірдің өзі қызық - ақ
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық - ақ,
Жап - жақсы жырды кейде біз түзеумен жүрміз бұзып ап.
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық - ақ,
Біреуді сынап адам ғып, мақтаумен жүрміз бұзып ап.
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық - ақ,
Жүйкеге бола дәрі ішіп, бауырды жүрміз бұзып ап.
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық - ақ,
Аштықпен емдеп ауруды, тоқтықпен жүрміз бұзып ап.
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық - ақ!..