Бишінің зейнеткерлік жасы

Скачать

10 сынып

Сабақтың тақырыбы: Өнер жұлдызы - Шұғыла Сапарғалиқызы.
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақстанның мәдениет қайраткері, халық әртісі, биші - Шұғыла Сапарғалиқызы туралы мағлұмат беру.
2. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер меңгерте отырып, сөздік қорларын байыту, қарым - қатынастық біліктіліктерін арттыру.
3. Биші өмірі арқылы Өз еліңе туың тік , Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол деген мақалдардың мағынасын түсіндіру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, сөздік, эвристикалық, практикалық.
Сабақтың формасы: топпен, жеке.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, өнер.
Көрнекілігі: сөз басы, тесттер, бағалау парағы, карточкалар, оқытудың техн. құралдары.
Қолданылған оқыту технологиялары: АКТ, модульдық.

Бағыт беру кезеңі:
1. Оқушыларды түгендеп, сабаққа бейімдеу.
2. Сабақтың сөз басымен таныстыру
Туғанда адам баласының бәрі бірдей болады. Оларды ерекшелейтін бір - ақ нәрсе. Ол - білім. (хадистен)
Іске асыру кезеңі:
1. Үй тапсырмасын тексеру.
2. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
3. Мәтінмен танысу

Осыдан он жыл бұрын ғана Шұғыла Сапарғалиқызының есімі Қазақстанда белгісіз болатын. Есесіне, Қытайдың ең үлкен қалаларының барлық көшелерінен әр түрлі ұлттық киімдерде күлімсірей қараған қазақ қызының суретін көре алар едіңіз. Ол өнерімен күн асты елін тәнті етті. Қытай Халық Республикасының әртісі, мемлекеттік би ансамблінің бишісі болды.

2000 жылы Қазақстан президентінің арнайы шақыруымен тарихи Отанына оралды. Бір жарым миллиардқа жуық халқы бар мемлекеттің жұлдызы бола тұра тәуелсіз еліміздің дамуына өз үлесін қосу үшін бәрін тастап, Қазақстанға келді. Бүгінде ол Күләш Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының балетмейстері, Ұлан президенттік оркестрінің бишісі. Үш баланың анасы.
Бірде Ермек Серкебаев Шұғыла Сапарғалиқызы туралы: Мені таңдандыру, тамсандыру өте қиын. Алайда, Шұғыланың биіне мен таңдай қақтым ,- деген екен.
Мың бұралған биімен халықты риза еткен Шұғыла Қазақстанның мәдениет қайраткері, Халық әртісі атақтарының иегері.

а) мұғалімнің мәтінді оқуы, оқушылардың түсініксіз сөздерді сызып отырулары.

ә) сөздік жұмысы:
күн асты елі - поднебесная страна
тәнті етті, таңдандырды - удивил(- а)
мың бұралған - чарующий
тамсандыру - очаровать
есесіне - зато

б) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
4. Тапсырмалар
а) Мәтінде қарамен берілген сөздерді сөз құрамына талдау.(І топ)
Көшелерінен, өнерімен, елін, Отанына, ансамблінің.
ә) Баған бойынша берілген сөйлемдерді сәйкестендіру.(ІІ топ)
1. Шұғыла ата - анасымен бірге 1. оның экономист, дәрігер немесе ұстаз болуын
Қытайдың... қалады.
2. Бесінші сыныпта оқып 2. алып қала Пекинге жол тартты.
жүрген кезінде... 3. Құлжа қаласында тұрды.
3. Сынақтан сүрінбей... 4. Пекин қаласында хореографиялық мектепке
4. Шұғыланың математика оқушылар қабылдайды деген хабарламаны
пәніне деген ықыласын оқиды.
ескерген ата - анасы...

б) өнер жұлдызы деген тіркесті септеу (тақтада)
Қалғандары сөйлем түрінде аяқтау.

в) карточкамен жұмыс (араластырылып берілген сөздерден сөйлемдер құрастыру)
1. Астанада Гумилев атындағы Ұлттық Еуразия университетінің жанынан би мектебін ашты.
2. Бишілердің зейнеткерлік жасы - отыз сегіз.
3. Сахна жұлдызына бір өнерді аз санап, кейде ән де салады.

д) Синтаксистік талдау
Өмірдің өзі - би. Оның көркем болуы әркімнің қабілеті мен шеберлігіне байланысты.
Ш. Сапарғалиқызы.
Қорытынды кезеңі
Тест алу
1. Ш. Сапарғалиқызы жұмыс жасайтын опера және балет театры.
А) Күләш Бәйсейітова атындағы
B) Абай атындағы
2. Қыз Жібек операсындағы Жібектің партиясын орындаған әнші
А) Роза Рымбаева В) Мақпал Жүнісова
С) К. Байсейітова Д) Роза Бағланова
3. 1938 жылы қойылған қазақтың тұңғыш балеті.
А) Айман - Шолпан В) Қыз Жібек
С) Еңлік - Кебек Д) Қалқаман - Мамыр
4. Алтынай мемлекеттік халық би ансамблі қашан құрылды?
А) 1934 В) 1986 С) 1957 Д) 2000
5. Астанада Гумилев атындағы Ұлттық Еуразия университетінің жанынан ашылған би мекетебі қалай аталады?
А) Шашу В) Алтынай С) Шұғыла Д) Мақпал
6. Бишінің зейнеткерлік жасы.
А) 45 В) 58 С) 35 Д) 38
7. Шұғыла қайда білім алды?
А) Пекин В) Астана С) Алматы Д) Мәскеу
8. Құштар көңіл кітабының авторы
А) М. Мақатаев В) О. Сүлейменов С) Қ. Байсейітова Д) Ғ. Мүсірепов
9. Шұғыланың ата - анасының мамандықтары қандай?
А) дәрігер В) экономист С) биші Д) мұғалім
10. Шұғыла қай жылы тарихи Отанына оралды?
А) 2000 В) 2005 С) 2005 Д) 1991

Бағалау.
Үйге: Би өнерінің жұлдызы деген тақырыпта диалог құрастыру


Скачать


zharar.kz