Буылтық құрттар

Скачать

Биология 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Мақсаты: 1. Буылтық құрттардың ерекшеліктері туралы мәлімет беру, буылтық құрттардың өкілдерінің тіршілік әрекеттері туралы білім беру.
2. Буылтық құрттардың ерекшеліктерін оқыту арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін, ой - өрісін дамыту.
3. Оқушыларды жекелей жұмыс істеуге тәрбиелеу
Құрал - жабдықтар: тест тапсырмалары, тапсырмалар, слайд.
Сабақ типі: жаңа сабақ.
Әдістемелік шешім: дәріс, мұғалімнің әңгімелеуі, көрнекі құралдарды көрсету, өзіндік жұмыс.
Пәнаралық байланыс: география, валеология.

І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Білімді тексеру және өзектеу.
1. Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері тақырыбын мазмұндау.
2. Термин сөздермен жұмыс.
Алғашқы қуыстылар типі. Құрсақкірпікшелілер класы. Жұмыр құрттар класы. Зымырақтар класы. Қылқұрттар класы. Тері бұлшықет қапшығы. Суыртқы. Гиподерма. Түлеу. Қылқұрт.
3. Сұрақтар:
1. Тип неліктен жұмыр құрттар деп аталған?
2. Жұмыр құрттар типін неге алғашқы қуыстылар типі деп атайды?
3. Жұмыр құрттар типіне қандай кластар жатады?

ІІІ. Жаңа материалды оқу.
Жоспары:
1. Буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
2. Көпқылтанақты құрттар класы
3. Азқылтанақты құрттар класы
4. Сүліктер
Буылтық құрттар денесі шұбалаңқы, екі жақты симметриялы жәндіктер. Денесі сақина тәрізді буылтықтарға бөлінгендіктен, бұлар буылтық құрттар типі деп аталған. Бұлардың 9 мыңға жуық түрлері теңіздерде, тұщы суларда, құрлықта мекендейді. Тип бірнеше класстарға жіктеледі, түрлердің басым бөлігі 3 класқа жіктеледі, олар: азқылтанақты құрттар, көпқылтанақты құрттар және сүліктер.
Буылтық құрттардың денесі 3 қабаттан тұрады. Денесінің ішкі қабырғасы мен ішкі мүшелер арасындағы кеңістік соңғы қуыс - целом деп аталады. Соңғы қуыс әр сақиналы буылтықтарда қайталанады. Сақиналы буылтықтар перде арқылы бөлінгенімен, ауыз және аналь тесігі бар ішек бүкіл денені бойлай созылады. Жүйке жүйесінің құрсақтық бағанасы және ең алғашқы тұйық қанайналым жүйесі де бар. Дененің екі қапталындағы әрбір буылтықта будаланған қылтанақты өскіндер – параподиялар орналасқан. Ол құрттың қозғалып жүру мүшесінің қызметін атқарады. Ал сүліктердің денесінде мұндай қылтанақтар болмайды. Буылтық құрттар жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді. Қосжыныстылары (гермафрордит) да бар.
Целомның атқаратын қызметтері:
1. Тірек – қозғалыс кезінде сұйықтық күйіндегі қаңқа қызметін атқарады;
2. Ішектің және дене қабырғасының жеке жұмыс атқаруына мүмкіндік жасайды;
3. Ішкі мүшелердің және дененің мөлшерінің едәуір ұлғаюына көмектеседі;
4. Қоректік заттарды, зат алмасудың соңғы өнімдерін, газды тасымалдайды;
5. Соңғы өнімдер мен артық сұйықтықтың жиналатын орны бола алады;
6. Ағзадағы қысымды реттеуге қатысады.

ІV. Бекіту
Термин сөздермен жұмыс.
Буылтық құрттар. Көпқылтанақты құрттар. Азқылтанақты құрттар класы. Сүлік. Тұйық қанайналым жүйесі. Целом. Параподия. Трахофора. Гирудин.
V. Үйге тапсырма: тақырыпты оқу.


Скачать


zharar.kz