Таңдай білу, талдай білу қабілеттерін дамыту

Скачать

ШҚО, Риддер қаласы.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ергасымова Акмарал Турсынгалиевна

Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Көктем. Нәтиже сабақ
Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың тегі: аралас сабақ
Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша алған білімдерін бекіту; Сөздік қорларын байыту; Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту; Таңдай білу, талдай білу қабілеттерін дамыту;
Күтілетін нәтиже: Тақырып бойынша сөйлеп үйренеді. Сөздік қорлары дамиды. Талдау, таңдап алу қабілеттері дамиды.
Көрнекіліктер: оқулық, А3 қағаз, түрлі - түсті фломастерлер, стикерлер, суреттер, таратпа материалдар.
Модуль: Жас ерекшеліктері, сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту, оқыту үшін бағалау

Мұғалімнің іс - әрекеті
1. Ұйымдастыру
А) амандасу
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Ә) кезекшімен сұхбат
- Кім кезекші?
- Қай жыл мезгілі?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Сабақта кім жоқ?
Б) фонетикалық жаттығу
- Ал, балалар, олай болса ең аодымен тілімізді жаттықтырып алайық.
Ә - әліппе, әдемі
Ү - үлкен, дүкен
Ұ - ұшақ, ұя
І - ілгіш, ірімшік
Ө - өзен, өмір
Қ - қар, қоян
Ғ - ғалым, мұғалім
Ң - аң, шаң
Һ - жиһаз, жауқар
В) психологиялық дайындық
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкене ағаштар
Үп-үлкен боп өседі
Қар еріп, су ағады
Сарқырап сайға толады
Күн шуағын шашады
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?

2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай? Балалар, бүгінгі сабақта біз нені үйренеміз, нені білеміз?
3. Үй жұмысын тексеру
- Етістіктің шақтарын қайталап алайық.
1 - топ. Осы шақ (отыр)
2 - топ. Келер шақ.(бар)
3 - топ. Өткен шақ.(кел)

4. Жаңа сабаққа дайындық
Дәптерімізді ашайық, бүгінгі күнді жазамыз. Ақпанның оны, жұма. Сынып жұмысы.
Нәтиже сабақ. Көктем.
5. Жаңа сабақ Жигсо
Балалар, қазір Жигсо стартегиясы бойынша жұмыс жасаймыз.
1 - топ Көктем мерекелері
2 - топ Көктемгі киімдер
3 - топ Көктемгі табиғат


Скачать


zharar.kz