Күндестік дейтін қоңырау
Көре алмаушылық жағымсыз сезім болғанымен де, адам болмысында бар қасиет. Егер бұл сезімді дұрыс басқара білсеңіз, пайдалы болуы мүмкін. Ал егер, зиянын тигізер болса, онымен күресудің жолын іздеу қажет.
Күндестік қасиетімен күресудің әдістері:
• Арманға ұмтылыңыз.
Алға мақсат қойыңыз, әрқашан дегеніңізге қол жеткізіңіз. Әдетте, біреудің жетістігін күндейміз, сол адамның арманы іске асуы үшін, сондай дәрежеге жетуі үшін, қанша уақыт, қанша күш жұмсағанын ойламаймыз. Сондықтан, әрекет етіңіз нәтижесін ұзақ күтпейсіз.
• Арманыңыз орындалды ма? Нәтижесіне назар аударыңыз!
Әркім өз қолынан келетін, шамасы жететін, нақты орындалатын нәрсе туралы ойлау керек. Сонда адам бойындағы күндестік мотивацияға айналады. Бұл басқаларға үлгі болады.
• Өзіңізде барын бағалаңыз.
Өмір сондай қысқа, зулап бірақ - ақ сәтте өте шығады. Ал біз қолымызда барына қанағат қылмаймыз. Мұқият ойланып көріңіз, осы күнге дейін не жасадыңыз? Мүмкін, сонда өзіңізді жете бағаламағаныңызды түсінерсіз.