Қоянның тапсырмасын орындап, бауырсаққа көмектестік

Скачать

Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Белгісіз бөлінгішті, бөлгішті табуға арналған есептер
Сабақтың мақсаты: Белгісіз бөлінгішті, бөлгішті табуға арналған есептер шығару жолымен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Бөлудің компоненттерін пайдалана отырып, оқушылардың алған білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: көбейту мен бөлу кестесін пайдалана білу дағдысын қалыптастыру; жылдам санау дағдысын қалыптастыру; ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Өздік жұмыс
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, өзіндік жұмыс, сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану.
Сабақтың көрнекіліктері: Оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен амандасу;
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
64 - бет №3
Өрнектерді олардың мәндерінің өсу ретімен орналастыр:
а) 2. 8
6. 3
7. 2
24: 3
18: 2
Жауабы: 8, 9, 14, 16, 18
ә) 3. 4
8: 2
2. 5
9. 3
10: 2
4, 5, 10, 12, 27
б) 15: 3
2. 4
6: 1
6. 2
8. 1
5, 6, 8, 8, 12

№ 6 - есеп
Амалдарды орында:
700 - 326 - 125=249
567 - (258+163)=146
(458+145) - 253=350
246+156+298=700

65 - бет №10
Ойлаған санды тап. 9, 12, 9, 6, 8

ІІІ. Бекіту сабағы
- Балалар, бүгінгі тақырып - белгісіз бөлінгішті, бөлгішті табуға арналған есептер.
3 балаға 4 жидектен бөлініп берілді. Барлығы неше жидек бөлініп берілді?
Шешуі: х: 3 = 4
х = 4. 3
х = 12
12: 3 = 4
Жауабы: Барлығы 12 жидек.

24 жаңғақ әр сыйлықта 8 жаңғақтан болатындай етіп, бірнеше сыйлыққа салынды. Неше сыйлыққа жаңғақ салынды?
Шешуі: 24: х = 8
х = 24: 8
х = 3
24: 8 = 3
Жауабы: 3 сыйлыққа жаңғақ салынды.

- Ал енді, балалар, бәріміз бауырсақ ертегісін білеміз бе?
- Иә, білеміз.
- Ендеше тыңдайық. Бауырсақ әжесінен сұранып серуендеуге шығады.

Бірақ жолда қоян кездесіп қалып, бауырсақтың жолына тұрып алады. Бауырсақ қанша өтінгенмен қоян жібермейді. Жолдан оның тапсырмасын шешкенде - ақ бауырсақ өте алады? Балалар, бауырсаққа көмектесеміз бе?
(Класс екі топқа бөлінеді)
Қоянның тапсырмасы.
1 - топқа: Есептерді теңдеу арқылы шығар. Саябаққа әрбір қатарға 3 шыршадан отырғызғанда, 7 қатар болды. Неше шырша отырғызылды?
2 - топқа: Есептерді теңдеу арқылы шығар. 27 өрікті тәрелкелерге тең бөліп салғанда, 9 тәрелке қажет болды. Әрбір тәрелкеге неше өрік салынды?

х: 3 = 7 ------------------------------- 27: х = 9
х = 7. 3 ------------------------------- х = 27: 9
х = 21 --------------------------------- х = 3
21: 3 = 7 ----------------------------- 27: 3 = 9
Жауабы: 21 шырша ------------- Жауабы: 3 өріктен

- Жарайсыңдар, балалар! Қоянның тапсырмасын орындап, бауырсаққа көмектестік.
- Балалар, бауырсақ алдынан аю шығып, жолына тұрып алды. Бауырсаққа тапсырма орындамай жібермеймін дейді.

Аюдың тапсырмасы.
1 - топқа: Амалдарды орында:
(584 – 70) + 326
921 – (78 + 43)
620 – (170 + 184)
600 – (420 + 80)
Жауабы: 840, 800, 266, 100

2 - топқа: Амалдарды орында:
1000 – 875 + 160
520 + (616 - 326)
286 + (520 - 166)
(478 + 306) – 250
Жауабы: 285, 810, 640, 534

- Жарайсыңдар, аюдың да тапсырмасын орындадық. Бауырсаққа жақсы көмек көрсеттік.
- Балалар, бауырсаққа тағы да көмек керек. Осы жолы оған қасқыр кезікті. Қасқырдың тапсырмасын орындап көрейік.

Қасқырдың тапсырмасы:
1 - топқа: Теңіз шеруіне 8 бригантинадан 2 қатар және 19 фрегат қатысты. Шеруге барлығы неше кеме қатысты?
2 - топқа: Теңізге 72 балықшылар шхунасы шықты, олар баркастардан 29-ға артық болды. Теңізге барлығы неше шхуна мен баркас шықты.

Бригантина 8 – 2 қатар
Шешуі: 8 ∙ 2 + 19 = 16 + 19 = 35
? кеме
Жауабы: барлығы 35 кеме
Фрегат – 19

Балықшылар шхунасы – 72
Шешуі: 72 + (72 - 29) = 72 + 43 = 115
?
Жауабы: барлығы 115
Баркастар? 29 артық

- Өте жақсы балалар, бауырсаққа жақсы көмектесе алдық.
- Балалар, жаңа ғана бауырсақ кетіп бара жатыр еді, алдынан түлкі шыға келді. Түлкінің де тапсырмасы бар екен. Қане, орындап көрейік.

Түлкінің тапсырмасы:
Есепті теңдеу құру арқылы шығар.
1 - топқа: Бірнеше сәбіз 3 дорбаға тең бөлініп салынды. Сонда әр дорбада 9 сәбізден болды. Барлығы неше сәбіз болды?

2 - топқа: 18 марканы тең бөліп, әр бетке жапсырса, әр бетте 9 маркадан болады. Сонда неше бетке марка жапсырылды?
х: 3 = 9 -------------- 18: х = 9
х = 3. 9 -------------- х = 18: 9
х = 27 -------------- х = 2
27: 3 = 9 -------------- 18: 2 = 9

Жауабы: 27 сәбіз Жауабы: 2 бетке
- Жарайсыңдар балалар, бауырсақ сендерге алғысын білдіреді. Ол үйіне аман - сау жетті.
IV. Қорытынды.
Шығармашылық жұмыс. № 9
(ең үлкені - Айдарлы құмай, күшіген, бүркіт, ең кішісі – жапалақ)
V. Бағалау.
VI. Үй тапсырмасы. 66 - бет №4, 67 - бет №


Скачать


zharar.kz