Қасым Аманжолов өлеңі
ӘДІЛЕТ АЙНАСЫ
Юрист емен, ақынмын, сонда - дағы
Көз алдымда, қолымда елім заңы.
Ескі таныс сөздермен сырласамын,
Жырдай қонып көңілге әр тармағы.
Өз қолымен Сталин жазған мұны
Толқып көңілі, жарқырап жаны ұлы,
Біздер өскен заманның дастаны бұл,
Кеткен сыйып халқымның бар ғұмыры.
Қалам найза бір кездер, сыя да қан
Өртті, сертті күндерде жасалған заң,
Мен оқысам жосылып, жолдарымен
Жатады өтіп көп өмір көз алдымнан.
Ашылады жарқ етіп елім менің
Көрем оның өткенін, келешегін,
Алып айқас, аққан қан, төгілген тер,
Ер күресін, көремін, дос еңбегін.
Сол кез менің жарқ етіп жастық шағым
Маған қарап ашады от құшағын;
Сол себепті әділет айнасына,
Қайта - қайта қараймын балқып жаным.
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау