Бүркіт тобына

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Құстарды топқа бөлу.
Мақсаты: Құстар - омыртқалы жануарлар ішінде жер шарында кеңінен таралғандар.
Бм Оқушының тақырып бойынша алған білімдерін тексеру және жетілдіру.
Дм: Оқытудың озық технологиялары арқылы оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту, құстар әлемі туралы білімін кеңейтіп, дүниетанымын қалыптастыру.
Тм; Оқушыларға құстардың табиғаттағы ролін сезінуге, оларды қорғай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Білім меңгерту. Сұрақ - жауап
Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ
а) Сайыс
ә) Конференция
б) Саяхат

Сабақтың көрнекілігі: Слайд материалдары, құстар суреттері, суретжұмбақтар,
Тірек - сызба, карта, ойын элементтері.
Сабақтың жүрісі: Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
Жаңа сабақ, қорытындылау
Үйге тапсырма беру
Оқушылар білімін бағалау.

І. Сайыс сабақ
Пингвин тобына:
1. Суда жүзетін құстардың құрылыс ерекшеліктері қандай?
2. Қаз тәрізділерге қандай құстар жатады?
3. Пингвин тәрізділердің ерекшелігі неде?
4. Суда жүзетін құстардың балапаны қандай түрге жатады?

Бұлбұл тобына.
1. Орман құстарына тән белгілер.
2. Дүпілдектің тоқылдақ тұқымдас құстардан айырмашылығы неде?
3. Тауық тәрізділер отрядына жататын құстар?
4. Құстың қораздану құбылысы қалай байқалады?

Бүркіт тобына
1. Жыртқыш құстардың пайдасы?
2. Құмай мен Тазқараның айырмашылығы?
3. Басқа жыртқыш құстардан хатшы құстың айырмашылығы неде?
4. Құс салу деген не, оның жыртқыш құстармен байланысы?

Лездік сұрақтар
Пингвин тобына :
1. Ең үлкен пингвин. (Император)
2. Дене тұрқы 75 см шамасындағы шағын пингвин.(Адели)
3. Пингвин саусағының арасындағы түзінді? (жарғақ)
4. Император пингвині қай материкте мекендейді? (Антарктидада)
5. Тропикте ұя салатын пингвин? (Голапогос пингвині).

Бұлбұл тобына.
1. Үздік - үздік дыбыс шығаратын құс? (Дүпілдек)
2. Үндістан мен Цейлонда мекендейтін құс түрі? (Тауыс)
3. Асыранды тауықтың арғы ата тегі?(жабайы банкив тауығы)
4. Сырға гүлдермен, бүршіктермен қоректенетін құс?(Құр)
5. Орманда мекендейтін тауық тәрізділердің балапандары қай топқа жатады? (ширақ балапан ).

Бүркіт тобына
1. Диірмен тасын теуіп сындырыпты дейтін аңызда айтылатын құс?
(ителгі)
2. Секундына 100 метр жылдамдықпен төмен қарай сорғалайтын құс?
(Лашын)
3 Бүркіттің екі көзін саңлаусыз жауып тұратын бас киім?
( Томаға)
4. Бүркіттің төрт саусағын ата? (тегеурін, жембасар, сығым, шеңгел)
5. Орман - тоғай жақпар тастар арасымен жер бауырлап ұйытқып ұшатын құс?
(Тұйғын)

Конференция сабақ
Географқа сұрақ:
1: Пингвиннің таралу аймағы, олардың түрлері жайында не айта аласыз?
Ғалым - орнитологқа сұрақ:
1. Орман құстары жайында оның ішіндегі ең әдемі құс тауыс және оның басқа түрлері туралы айтып бересіз бе?
Құсбегіге сұрақ:
1. Саятшылықпен құс салудың айырмашылығы неде,
Бүркітті ұстау және баптау жайлы әңгімелеп берсеңіз?

Саяхат сабақ.
Слайдта 6 - карта бар. Солар арқылы тоқталу.

Сөзтізбе ойыны
Берілген құс атауының соңғы әріптеріне келесі құстың атын ілестіру.
Мысалы: Бүркіт – Тарғақ - Қарлығаш - Шағала - Ақ Ләйлек.
1. Сауысқан -
2. Қарға –
3. Құзғын –
4. Ұзақ -
5. Қоқиқаз
Бекіту тапсырмалары:
Қағаз жолақтары құстардың аттарындағы кейбір әріптерді басып қалыпты. Құстардың аттарын тап.

Топтастыру.
Құстардың топтары

Үйге тапсырма: Құстарды топқа бөлу.
Құстар туралы сурет жұмбақтар құрастыру.


Скачать


zharar.kz