Жаз мезгіліне байланысты сюжетті суреттер

Скачать

Білім беру саласы: Қатынас , Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет
Тақырыбы: авторы: Абай. Қ. Жаз өлеңі.
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың жаз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау;
Дамытушылығы: Өз ойларын ашық айтуға, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелігі: Көктем мезгіліндегі ерекшеліктермен салыстыра отырып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
Қолданылатын көрнекіліктер: Жаз мезгіліне байланысты сюжетті суреттер. АКТ
Қостілдік компонент: жаз - лето; күн - сольнце;

Ұйымдастыру кезеңі:
Тәрбиеші:
- Қайырлы таң балалар! Балалар, бүгін бізге ерекше күн! Қане барлығымыз, қонақтармен амандасып алайық. Ендеше сендерді Шаттық шеңберіне
шақырамын.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде,
Қарсы алайық, достарым!
Келді қонақтар бізге.
- Сәлеметсіздер ме!
- Здраствуйте!
- Good morning!
Өткенді қайталау:
- Жылдың неше мезгілі бар?
Балалар: 4 мезгіл бар.
- Жарайсыңдар балалар!
- Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Жаз мезгілі.
- Көктем мезгілінің ауа - райында қандай ерекшеліктерін білеміз?
Балалар: құстар оралады, қар ериді, гүлдер бүршік атады.
- Балалар, жаз мезгілінде ауа райы қандай болады?
Балалар: ыссы болады.
Ендеше, осы жаз мезгілі туралы білгілерің келе ме?
Балалар: Иә.

Бейне сюжет
- Балалар, қане барлығымыз мына бейне сюжет арқылы Абай Құнанбаев атамыздың Жаз өлеңімен танысайық.

Сөздік жұмыс:
- Балалар, жаңағы Абай атамыздың өлеңін дұрыстап құлақ салып тыңдадық па? Өлеңнің ішінде Ұзарып , Күркіреп деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
Тәрбиеші әр сөзге тоқталып оның мағынасын ашып, түсіндіріп өтеді. Сөздерді балаларға қайталатады.

Сергіту сәті:
Бейне сюжет Көңілді күн
- Балалар, бойларың бір сергіп қалған болар.
- Ал, ойын ойнағыларың келе ме? Ендеше кеттік. Осы ойын арқылы сендердің білімдеріңді де тексеріп өтейін.

Қимылдық ойын: Тауып көр!
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа тәрбиелеу. Білімдерін тексеру.
Ойын шарты: Ортаға 4 бала шығады.
Тәрбиеші екі үстелдің үстіндегі суреттердің ішінен жазға байланысты суреттерді тауып, тақтаға жапсыруды ұсынады. Бірінші тауып орындаған балалар жеңімпаз болады.
Ойын жалғасын табады.

Қорытынды:
Тәрбиеші сурет арқылы бүгінгі сабақта не туралы білгендерін, ненің ерекше естерінде қалғандарын сұрап тексереді.
Балалар білімін қорытындылап, жақсы қатысқандары үшін мадақтап, оқу іс - әрекетін аяқтайды. Қонақтармен қоштасады.
- Сау болыңдар!

Коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорын
№33 Көркемай балабақшасы
Жақсылықова Мөлдір Абзалқызы
Екінші сәбилер топ тәрбиешісі


Скачать


zharar.kz