Суды үнемдеу ережелерін жазу

Скачать

Дүниетану 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: суды қорғаудағы адамдардың рөлін түсіндіріп, мәтінді игеру. Судың қасиеттерімен таныстыру, ластанудан сақтау, тазарту және су арқылы жұғатын аурулар туралы мағлұматтар беру, білімдерін кеңейту. Табиғатты, суды қорғауға баулу.
Дамытушылығы: оқушылардың салыстыру қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: гигиеналық, экологиялық тәрбие беру.
Міндеті: оқушыларды өз бетінше ізденуге баулу, жеке пікірлерін қалыптастыру, басқаның ойына құрметпен қарау. Ой толғанысқа белсене қатысу.
Әдісі: жартылай ізденіс, ауызша баяндау, болжау, салыстыру.
Күтілетін нәтиже: болжау, жорамал арқылы мәтінді оқып талдайды, салыстырады. Білесе жұмы жасай отырып, өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге үйренеді, топта, жұпта жұмыс істеу қабілеттерін арттыра алады.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, суреттер, стакандағы су.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сөздіктерін түгендеу.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
а) Өзен қандай бөліктерден тұрады?
ә) Тұзды көл қалай пайда болады?
б) Жасанды көл қалай жасалады?
Жаңа материал: Сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады.
Кіріспе: Ой толғаныс: (сұйық, түссіз, иіссіз, еріткіш, дәмсіз)

Судың қасиеті

------------------------

20 - ғасырдың соңында жер тұрғындарының саны 6 милиардтан асты. Халық санының өсуіне орай жұмсалатын судың мөлшері де үнемі артып отырады. Әр адам тәулігіне тамаққа және ішуге 2 - 3 литр су жұмсады. Ал ауыз су тапшылығы - әлемдік проблема. Соңғы зерттеулер бойынша адам организмінің 2 3 бөлігі судан тұрады. Күніне әр адам 5 литр су ішуі керек екен.
Краннан 1 стакан су алу.
- Суды ішуге бола ма?
- Жоқ.
- Неге ішуге болмайды?
- Дәлелдеу керек. (Оқушылардың жауабы)

Мұғалім: Су құбырларын тат асады, тесіледі, сол жерлерден ластанған, уланған судың ішінде түрлі микробтар болады. Суды тазарту үшін қайнатса болады деген қате пікір. Органикалық заттармен қосылған хлоры заттардың қайнатқаннан кейін улылығы одан әрі артады, канцерогенді заттары көбейеді.
Суды хлорлау кезінде бактериялары ғана өледі, ал лас органикалық заттармен қосылғанда диоксин пайда болады. Диокин - у.

Мәтінмен жұмыс істеу: оқушыларға мәтінді мәнерлеп, тізбекпен оқу.
Мақал - мәтелдер:
1. Судың да сұрауы бар.
2. Сүттен ақ, судан таза.
3. Судай сұлуға жолық...
4. Су - тіршілік көзі.
5. Су - атасы, жер - анасы.
Дәптермен жұмыс: Суды үнемдеу ережелерін жазу.
Сергіту сәті:

Жаңбыр жауар себелеп,
Тығылады көбелек.
Біз қолшатыр астында,
Би билейміз дөңгелеп.

Топтық жұмыс:
1 - топ. Су - тіршілік көзі тақырыбына шығарма жазу.
2 - топ. Су туралы мақал - мәтел жазу.
3 - топ. Су туралы тыйым сөздер жазу.
Сабақты қортындылау. Ой жинақтау.
Үй тапсырмасын хабарлау және оған нұсқау беру кезеіі.
Бекіту. Адам өмірі мен табиғаттағы судың маңызы.


Скачать


zharar.kz