Болат Сарыбаев кім

Скачать

Тәрбие сағаты.
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары (презентациясымен)
Мақсаты:
● а) Білімділік: әр аспаптың жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуының әр түсінігі, шығу тарихы жайлы түсінік беру, білімдерін дамыту.
● ә) Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту
● б) Тәрбиелік: лирикалық аспаптарды ұлтымыздың мақтаныш тұтуға тәрбиелеу. Ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.
● Әдісі: Суретті – түсіндірмелі, сұрақ – жауап.
● Көрнекілігі: ұлттық аспаптардың суреттері, олардың үні жазылған таспа
● Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу
ІІ. Жаңа сабақ:
● Мұғалім: біз бүгін Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарымен танысамыз. Сендер қандай ұлттық аспаптар білесіңдер? (балалар өз ойларын айтады)
Біздің ата – бабаларымыз қарапайым музыкалық аспаптарды
● тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан жасаған.
Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Ол жинаған аспаптар саны 300 – ге жетті. 1968 ж. көне ұлттық музыкалық аспаптардан анасамбль ұйымдастырды.
Ұлттық аспаптар: үрлемелі, сілкімелі, шертпелі, тілшікті, ішекті, ұрмалы, ысқышты

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:
● 1. Болат Сарыбаев кім?
● 2. Суретке қарап көне аспаптарды ата?
● 3. үніне қарай аспапты ажырат?
● 4. Қандай күй тыңдалады?

ҮІ. Қорытынды:
● Ұлы жазушы М. Әуезов Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі деген екен. Ендеше ән мен күйге құмар болып, қызығушылықтарың арта түссін деп сабағымызды аяқтаймыз.
ҮІІ. Бағалау.


Скачать


zharar.kz