Ойын элементтерін пайдаланудың ерекшеліктеріСабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету - жас бүлдіршіндердің білімге ынта - ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін арттыратындығы туралы айтылады

Скачать

Ойын элементтерін пайдаланудың ерекшеліктері
Сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету - жас бүлдіршіндердің білімге ынта - ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін арттыратындығы туралы айтылады.
Бастауыш сынып оқушылары, әсіресе 1 сыныпқа келген жас бүлдіршіндер үшін, мұғалімнің рөлі ерекше. Бұл оқушылар - әлі ойын баласы. Міне, осы оқушыларды мұғалім жылы шыраймен өзіне тартып, бала жүрегіне жол таба білу керек.

Сабақты тартымды өткізу үшін сабақ тақырыбына сай көрнекті құралдар, дидактикалық материалдар, карточка, рөлдік - сюжеттік ойындарды қолдану қажет. Бір сарынды сабақтар баланы жалықтырып, оқушының сабаққа ынтасын төмендетіп жібереді. 1 - сынып оқушылары ойын баласы болғандықтан, сабақ тақырыбына байланысты ойын элементтерін көбірек енгізіп сабақты түрлендіріп, оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттырып отыруы қажет. Ойын арқылы баланың сөйлеу қабілеті, оқуға деген ынтасы, белсенділігі арта түседі.

Оқытып - тәрбиелеудегі негізгі мақсат - оқушыларды мектептегі оқуға, ұйымшылдыққа, еңбек ете білуге даярлау, олардың бойына адамгершілік қасиеттерін дамыту. Сабақ үстінде жүргізілген жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәнді ойын түрлері, оқушылардың ойлау белсенділігін қажет етеді. Әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету жас бүлдіршіндердің білімге ынта - ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады. Ойынды балалар тек сабақтан зерігіп, шаршаған кезде сергіту мақсатында емес, оларға берілген негізгі білім, ұғым түсініктерді берік меңгеру мақсатында жүргізілген дұрыс. Мұғалімнің балалар ойындарындағы рөлі өте маңызды. Ол көбіне ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны жөніндегі ақыл - кеңесшісі, балалардың даулы нәрсесін шешіп беретін әділ - төрешісі, сонымен бірге ойын барысында олардың жолдасы бола алады.


Скачать


zharar.kz