Білімділік: Оқушыларға Солтүстік Америка құрлығының физикалық - географиялық орнын қалай түсінгендерін анықтау.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан - жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Пысықтау, жинақтау сабағы.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту. ІІ. Тарауды қайталау.
1 - жұмыс. Сұрақ - жауап
1. Солтүстік Американың шеткі нүктелері -
2. Солтүстік Америка қандай климаттық белдеулерде орналасқан?
3. Солтүстік Американың өзендері қандай алаптарға жатады?
4. Солтүстік Америкада қандай пайдалы қазбалар бар?
5. Солтүстік Американың табиғат зоналары -
6. Солтүстік Американың жаңа халықтары -
2 - жұмыс. Сәйкестендіру
1. Сьерралар ----- А). Француз тілінен аударғанда шалғын
2. Торнадо -------- Ә). Үшкір шыңдар тізбегінен тұратын тау жоталары
3. Ураган ---------- Б) Мұхиттан соғатын апатты дауыл
4. Мииури -------- В) Үндістер тілінде тұнбалы өзен
5. Ниагара -------- Д) Үндістер тілінде гүрілдеуік су
6. Прерий --------- Е). Күшті жел, құйын тәрізді қозғалатын дауылдар
3 - жұмыс. -------- Солтүстік Америкадағы мына көлдерді ауданы бойынша өсу ретімен орналастыр
1. Мичиган -
2. Эри -
3. Виннипег -
4. Үлкен аюлы көл -
5. Жоғарғы көл -
6. Эри -
4 - жұмыс. ------------- Жанартаулардың биіктіктерін табу
1. Орисаба -
2. Рейнир -
3. Шаста -
4. Колима -
5. Тахумулько -
6. Момотомбо -
7. Вениаминова -
5 - жұмыс. Мына ірі тау жүйелерінің ұзындықтарын және биік нүктесін анықта
№------- Таудың аты ------------ ұзындығы ------------ Биік нүктесі
1 Кордельера
2 Аппалач
3 Сеңгір таулар
4 Анд
Үйге тапсырма: Тарауды қайталау.
Бағалау: Тапсырмалар парағы бойынша және сабақ барысында жақсы қатысқан оқушылар бағаланады.