Жанымнан мұңым кеткелісен болдың күнім көктегі

Скачать

Фариза Оңғарсынова өлеңі

Әйелге деген махаббат
Түндерде жалын боп өткен
біреуді жаным деп өпкен
сенің гүл еріндеріңнен
әйтеуір жерінбедім мен.
Жұттым да көзде жасыңнан,
төсіңнен өзгеге ашылған
басымды ала алмадым мен
(қайғым ба ең, жанар бағым ба ең?!).
Көлдегі сағым көрікпен
жанарды жанымды еріткен
құштым мен ашқарақ күймен
(білемін - басқа да сүйген).
Ең алғаш құшқаным да - өзің,
балқытқан күш - жалын да - өзің,
ең алғаш сүю дегенді
үйреткен ұстазым да - өзің.
Жанымнан мұңым кеткелі
сен болдың күнім көктегі.
... Қайғым тек - осының бәрі
басыңнан бұрын да өткені...

Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау


Скачать


zharar.kz