Жай бөлшектердің оқылуын меңгерту

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер. Жай бөлшектерді оқу және жазу.
Математика 5 сынып
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділігі: Оқушыларға үлес, жай бөлшектер, оларды оқу және жазу туралы түсіндіру. Оқушылардың есептер шығару дағдысын жетілдіру. Жай бөлшектердің оқылуын меңгерту.
Б) Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ауызша, жазбаша тез есептеуге дағдыландыру.
С) Тәрбиелілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер слайды, үлестірмелі карточкалар, сөзжұмбақтар мен суреттер.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Жаңа сабақ
IV. Қорытынды
V. Үйге тапсырма

I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеп, сыныптың сабаққа дайындығын қадағалап, сабақты бастаймын.

II. Үй тапсырмасын тексеру:
Тақтаға үй тапсырмасы ілініп, оқушылар өздерінің үй тапсырмаларын дәптерлерін бір - біріне алмастыру арқылы тексереді.
Үй тапсырмасы:
№750 есеп
Азайғыштың, азайтқыштың коэффициенттерінің ең үлкен ортақ бөлгішін жақша сыртына шығарып жазыңдар:
1) 42x - 30y=6(7x - 5y)
2) 56x - 24y=8(7x - 3y)
3) 60m - 36n=12(5m - 3n)
4) 75m - 15n=15(5m - n)
5) 95a - 35b=5(19a - 7b)
6) 88a - 55b=11(8a - 5b)

III. Жаңа сабақты түсіндіру:
a b жай бөлшек. а - алымы, b - бөлімі
Жай бөлшектің бөлімі бүтіннің қанша тең бөлікке бөлінгенін, алымы ол бөліктердің нешеуі алынғанын көрсетеді. a b=a: b. 4 9=4: 9. Бөлшек сызығы бөлу дегенді білдіреді.
5 8. Мұндағы 5 - бөлінгіш, 8 бөлгіш.
Жай бөлшекті оқығанда алдымен бөлшек сызығының астындағы сан(бөлімі) шығыс септігінде оқылады. Сонан соң сызығының үстіндегі сан(алымы) атау септігінде оқылады.
Мысалы, 7 10жай бөлшегінің оқылуы: “оннан жеті”
4 5жай бөлшегінің оқылуы:”бестен жеті”
Екі натурал сандардың бөліндісін жай бөлшек түрінде жазуға болады. 2=2 1. 6=18 3. 28=56 2.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы,
№127 Т. Бердияров атындағы жалпы орта мектебі
Орындаған: Аулан Анар

Жай бөлшектер. Жай бөлшектерді оқу және жазу. жүктеу


Скачать


zharar.kz