Жаңа сабақ Paint графикалық редакторының құралдары Қисық сызықтар, көбұрыштар салу

Скачать

Панарамалық сабақ
Мектепішілік Жас мұғалімдер 2010 ж сайысы
Сыныбы: 7
Тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары
Қисық сызықтар, көбұрыштар салу. Құю құралын пайдалану.
Білімділік мақсаты: Оқушыларға Paint графикалық редакторының құралдарымен таныстыра отырып, олардың қандай қызмет атқаратынын түсіндіру;
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз бетінше зденушілікке, топпен жұмыс жасауға, белсенді дағдыландыра отырып, жауапкершілікке тәрбиелеу;
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында қосымша материалдарды, тапсырмаларды пайдалануға дағдыландыру, интерактивті тақтамен жұмыс жасай отырып, жан – жақты дамуына ықпал жасау және оқушының логикалық ойлау қабілеттерін
арттыру, ой - өрісін дамыту;
Көрнекілік: Интерактивті тақта, дербес компьютер
Сабақ түрі: Жаңа білімді игеру
Әдіс - тәсілдері: Аралас

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу және сынып тазалығын тексеріп, оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлау;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Paint графикалық редакторының құралдары Тік сызықтарды салу, Шыршалар, тік төртбұрыштар, эллипс шеңбер салу
Тапсырмалар:
1 - тапсырма. Paint графикалық редакторының элементтерін көрсет
2 - тапсырма. Сызық құралын қолдана отырып, ағаштың немесе шыршаның суретін сал.
3 - тапсырма. Тік төртбұрыш құралын қолданып, поездің суретін сал.
4 – тапсырма. Сиқырлы дастархан. Дөңгеленген тік төртбұрыш құралын қолданып, дастархан үстінде тұратын заттың суретін сал. \
5 - тапсырма. Жұмбақты шешіп, суретін сал.
Тоғайда оны көргенде,
Таң қалдым мен түріне.
Жапырақтай жап – жасыл,
Созылады жүргенде.
Құстар әуес өзіне,
Айтыңдаршы бұл не?
Жауабы: Құрт жәндігі

6 – тапсырма.
Сызықтарды пайдаланып, қолыңды үзбей фигуралар салыңдар

ІІІ. Жаңа сабақ
Paint графикалық редакторының құралдары Қисық сызықтар, көбұрыштар салу. Құю құралын пайдалану
Қисық, тегістелген сызықтар салуға арналған
1. Қисық сызық құралын шертеміз.
2. 2. Құралдар жиынының төменгі жағында пайда болатын сызықтар жиынынан сызықтың қажетті қалыңдығын таңдаңдар. 3. Тінтуір нұсқағышын сурет салу аймағындағы қисық басталатын жерге апарып, оның сол жақ батырмасын басып тұрып, қисық сызық аяқталу нүктесіне тасымалдаймыз. Сосын батырманы жібереміз. Бұдан кейін сурет салу аймағына түзу сызық пайда болады. Тінтуір нұсқағышын түзу сызықтың иілдіретін бөлігінің жанына апарып, сол жақ батырманы басып тұрып, түзу сызық иілетін бағытта жылжытамыз, орындағаннан кейін бір иілісі бар сызық шығады.
3. Егер екінші иіліс қажет болса, онда 4 - қадамда орындалған әрекеттерді қайталаймыз.
• Егер қисық көңілдегідей иілмесе, онда екінші иілісті аяқтамай тұрып, оны жоюға болады. Ол үшін тінтуірдің екі батырмасын қатар басу керек.

Көпбұрыш, ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.
1. Көпбұрыштар батырмасын шертеміз.
2. 2. Құралдар жиынының төменгі жағында пайда болатын жиыннан көпбұрыштардың үш түрінің бірін таңдаймыз. 3. Тінтуір нұсқағышын бірінші қабырға басталатын жерге апарып, тінтуірдің сол жақ батырмасын басып тұрып, нұсқағышты көпбұрыштың бірінші қабырғасы аяқталады деп ойлайтын жерге дейін тасымалдаймыз. Батырманы жібереміз. 4. Тінтуірдің нұсқағышын екінші қабырғаның соңына дейін тасымалдап, сол нүктеде шертеміз, мұны орындағаннан кейін, Paint жаңа тағы бір қабырғаны салады. 4 - қадамның әрекеттерін көпбұрыштың барлық қабырғалары салынып болғанша қайталаймыз.
Тапсырмалар: 6 - 7 - 8 - 9 суреттерді салу.

Қорытынды:
Сонымен Paint сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескінділерді салуға, редакциялауға болады. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. Әр түрлі бояу жаққышты пайдаланып, суреттерді әр түрлі түске бояуға, қалыңдығы мен әр түрлі сызықтарды сызуға, көлем, көлеңке жасауға және т.б. сол сияқты мүмкіндіктері бар.
• Paint графикалық редакторын іске қосу үшін қандай әрекет қолдану керек?
• Paint графикалық редакторында қанша құрал пайдалануға болады?
• Түстер палитрасының көмегімен неше түс таңдауға болады?
• Сурет салу кезеңі неше кезеңнен тұрады?
• Палитраның міндеті қандай?
• Қисық пішінді үзінді таңдау қызметін атқаратын құрал.
• Кескіннің немесе фон түсін суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертетін құралды ата.
• Тегістелген сызықтар салуға мүмкіндік беретін қандай құрал?
• Пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік беретін не?

Үйге тапсырма: Қисық сызықтар, көбұрыштар салу.
Құю құралын пайдалану


Скачать


zharar.kz