Қазақ елімізді әлемдік деңгейге жеткізу - біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру

Скачать

Тақырыбы: Тәуелсіздік – тірегіміз
Мақсаты:
Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлемдік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта
Барысы:
- Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі Тәуелсіздік – тірегіміз тәрбие сағатымызға хош келіпсіздер!
Әнұраным
Жан ұраным
Айтар әнім
Сөйлер сөзі
Мәңгі бақи шырқалады
Республика Әнұраны
ҚР әнұраны орындалады.

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан - елім менің!

Егеменді ерікті ел екенбіз,
Жылдан - жылға кіргендей берекеміз.
Тәуелсіздік таңы атқалы жиырма екі жыл -
Халайық құтты болсын мерекеміз!

Тербетіп тұрса болды жер - бесігім,
Дәулеттің тілеймін мен көл - көсірін.
Көз тимей, кірбің түспей қабағына
Жалғыз - ақ,
Құтты болғай енді осы күн!
Ұлы дархан, Ұлы елім!
Бүгін міне, азаматтығымыздың айбыны, азат күнімнің айдыны, ерікті елімнің еңсесін көтеріп, мерейін асқақтатқан киелі де қасиетті, қастерлі де ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні келіп жетті. Мереке құтты болсын!


Скачать


zharar.kz